Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Әрбір мүмкіндікті өз уақытында пайдалану керек

Студент күнделігі

Әрбір мүмкіндікті өз уақытында пайдалану керек

Әрбір мүмкіндікті өз уақытында пайдалану керек

Бүгінде өз елімізде оқып, жұмыс істеу аздық етеді. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайданып, тегін гранттарға қол жеткізіп, шет елде тәжірибе жинап жүрген замандастарымыз көп. “Жырақтан білім іздеген” құрбы-құрдастарымызды  сіздерге таныстыруды құп көрдік. Бүгінгі кейіпкеріміз Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Дәл қазіргі таңда Түркия мемлекетінің Стамбул университетінде білімін жетілдіріп жүр.

Мен Нұрбек Рахманқұл, Астана қаласындағы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 4 курс студентімін. Биылғы оқу жылы мен үшін өзгеше, ерекше, басқаша болды. Жаздың жайма шуақ үш айын əлемнің нөмірі бірінші алпауыт мемлекеті Америка Құрама Штаттарында өткіздім.АҚШтағы өмір қандай? Қазақ баласы ол жақта неден жиреніп, қандай жақсылықты үйренді?”,- деген сұрақ көкейіңізде туындаған болар…

АҚШ-тағы өмірді экономикалық тұрғыдан қарастырсақ, әрине, бас бармақты жоғарыға ойланбай  көтереміз. Жалақы құны жоғары, теxника өте арзан. Мен тек экономикалық тұрғыдан деп отырмын. Құрама штаттарында өткізген үш ай көлемінде түсінгенім, кез келген студенттің арманы болған елдегі өмірге 2 жақты көзқараспен қарауға болады. 1) Егер тек экономикалық жағдайымды ойлаймын, руxани дүниеге басымның ауырғаны шамалы десеңіз, онда марxаббат. Визаға қол жеткізсеңіз, АҚШ есігі сізге айқара ашық. 2) Ал Мұқағали Мақатаевтай “ең бірінші бақытым xалқым менің, соған берем ойымның алтын кенін”,- деп басқа елдің емес, отаныңның экономикасына үлес қосқың келсе, онда АҚШ елін қыдыруға, білімді жетілдіруге пайдаланыңыз.Тұрақты қалуға емес. Неге? Себебі xалық азғынданған. Хакім Абай айтқандай, «жұмысы жоқтық, қарыны тоқтық, аздырар адам баласын» – xалық бос ермекке көп алданатын болған. Ішу, шегу, құмар ойыны т.б. Мен тұрған қалада шыны керек, түнде ыстықтап терезе ашар болсақ, нашаның (наркотик) исі үйге бұрқырап кіріп жататын. Танысымның 70 – ке келген әкесі қыз зорлап түрмеге түскенін көрдім. Тағы бір танысымның “лезбянка” әпкесін мақтанышпен тұрмыс құрды деп қуанышпен әйелкүйеуін (күйеуі) көрсеткеніне куә болдым. Біз үшін негативті саналатын оқиғаларды тізе берсем жетіп жатыр. Осы жағдайлардан соң түйгенім: Америкада ары кетсе 5-6 жыл тұруға болады. Себебі, бұйырса ұл-қыздарымның бұл елде өсіп, бұл мәдениеттен тәлім алуына түбегейлі қарсымын. Бұл елден үйренгеніме келер болсақ, әрине бірінші кезекте негізгі мақсат болған – тіл, содан соң – төзім. Шет елде тіршілігіңді жасау үшін де мықты төзім керек екен.

АҚШ азаматтарының білімге, мəдениетке, өмірге деген құштарлығын да байқадым. Дегенмен, білімге құштарлығы төмен. Ғылымның үлкені – математика. Есепке бастарын қатыра бермейді. Мектеп оқушыларының ізденуге деген талпынысы нашар. Ал мәдениетке келер болсақ, оған қызығушылығы жоғарылау. Қазақ мәдениетін, ұлттық тағамын, сыйласу әдебін, қыз алысу тәртібінен xабар бергенімде көздері шарасынан шығып, таңданыстарын жасыра алмады. Оларда  ұлттық құндылық, салт-дәстүр деген түсінік жоқ болған соң басын шайқамай қайтсін енді. Тек қазақтың ұлттық биін ұнатпады. Олардың қанына әбден жын ұрғандай аласұратын “шымкенттің қыздары зың-зың”- сынды ән сымақтар сіңіп қалған соң, “Қара жорға”- іш пыстырарлық әуен есебінде қара тізімге кетті.

Біз, қазақстандықтар, мұхиттың арғы жағындағы тіршілікті оңай деп ойлаймыз. Демократия, еркіндік сөздері тек соларға тән деп ойлаймыз. Генри Луис Менкеннің жақсы бір сөзі бар, «Демократия – это лишь мечта: она стоит в одном ряду со сказочной Аркадией, Санта Клаусом и райским садом…».  «Демократия», «бостандық» бұл жай ғана xалықты қызметіне пайдалану үшін қолданылатын сөздер болса керек.  Қарапайым ғана мысал, шын демократиялы елде кемінде 4-5 партия болу қажет және билік бөліну керек. Ал бұл елде консерваторлар мен либералдар ғана. Билікті алмастырып отырады. Саяси аренаға үшінші партияны бірлескен түрде жолатпайды. Бізден олардың айырмашылығы деп мына нәрсені айтуға болады: мамандардың жауапкершілігі. “Проблемаға – позитив” деп, мәселеңді әпсетте шешіп тастайды, жауап та уақытында алынады. Өкінішке орай, біздің ең үлкен минусымыз – жауапкершіліктің төмен болуы.  Ал, адамдар арасындағы қарым-қатынас өте жақсы. Негізі біз үйге қонақ келгенде өтірік болса да күлімсірейміз ғой, сол секілді олар қонағы көп ел болған соң ба, күлімсіреп жүруді әдетке айналдырған. Өзімше ойлағаным ғой, егер біздің елге солай туристер ағылып келіп жатса, біз де күлімсіреп жүрерміз 🙂 Әрине, жеке пікірім, бастысы бұл емес, қазіргі таңда көп мәселенің басы ақшаға келіп тіреледі. Қаржылық капитал адамға алдамшы болса да белгілі бір деңгейде сенімділік пен уайымсыздық береретіні рас. Уайымсыз, бейғам жүрулерінің бар себебі ақшаға қатты мұқтаждықтың болмауы.

АҚШ студенттерінен, жастарынан бізге қандай қасиеттерді үйрену керек?

Үйренетін де, үйрететін де нәрселер көп. Мысалы деп тағы айтайын, ең бірінші жауапкершілік. Егер жұмыс іздей қалсаңыз, жұмыс беруші компаниялардағы бірінші талап жауапкершілік. Екінші, жұмыстың лайықты түрде орындалуы. Үшінші, бір мезетте бірнеше жұмысты атқара білу шеберлігі. Ал үйрететін нәрсеге келсек, қазақтың төзімділігі мен парасаттылығы дер едім. Себебі оларға осы қасиет ауадай жетіспейтіндігін аңғардым.

       Менің ойымша, бойында болашаққа деген мықты сенімі бар әрбір азамат АҚШ-на бару керек. Кем дегенде, талпынып көру керек. Қанша дегенмен әлемді аузына қаратып отырған мемлекет қой. Алар тәжірибеміз бастан асады. Бұйырса, тағы да баруға ниет бар.

Қазір Түркияда әлемдік рейтингі жоғары Стамбул университетінде білім алудамын. Жалпы түрік елін бауырлас болған соң ба, көңілім жақын тартты.

Ондағы түріктердің қазақ студенттеріне көзқарасы қалай? Негізі түріктерде қазақ студент, түрік студент, африкан студент, араб студенті демей-ақ, «студент» – деген әлеуметтік топ ретінде жалпы қарастырады. Себебі, мен оқып жатқан университеттегі студенттің біразы шет елдіктер. Әзірге бір нанды бөлісіп жүргендей татумыз. Сауда орталықтарында, дүкендерде «студентсің бе, ай жақсы, мә саған артығымен»-деп жомарттық жасап жіберетін байқадым. Ал, қазақ ұлтына көзқарасы қалай десеңіз, әрқашан бауырмыз деген құрметінен басқаны көрмедім. Түркияда білім үдерісі соңғы жылдарда қарқынды дамыды. Әлі де дамып жатыр. Президент Эрдоған білім алуға қолайлы мүмкіндіктер жасауда. Мысалы, оқу ақысын төмендету, мемлекеттік гранттар санын көбейту т.б. Айта кету керек, қазіргі таңда Түркияда ең жақсы дамып жатқан сала – медицина.

– Ұстаздардың талабы қандай? Біздегідей жұмсақтық танытады ма?

Ұстаздардың талабы әртүрлі. Кей ұстаздар айтқан дәрісін сабақтың соңына дейін қайта сұрайды. Ал кейбір мұғалімдер, «қаласаң тыңда, қаламасаң экзаменде жолығамыз»- деп, жүре береді. Білім ізденудің негізгі санаттарының бірі – шет ел асып, елден жырақта болу екен. Себебі, сыртта таныс жоқ, той-думан да жоқ, уақытың көп.  Ғашығымды қайда апарсам екен, түнімен достарыммен қайда отырсам екен деп басыңды қатырып жүрмейсің. Ал өз еліңде жүргенде, уақыттың көп бөлігі пайдасыз бас қосуларға, бос сөзге, құр серуенге кетеді екен. Дүниетанымың кеңейіп, білімді басыңа барынша құйып, бар мүмкіндікті пайдалунуға тырысып жүрмін.

– Студенттердің арасындағы бəсекелестік қалай?

 Түркияда жасы былай тұрсын, қариясына дейін білімге құштарлық байқалады. Мысалы, менің тобымдажасы 57 жасар студент бар. Мені қызықтырған бір жағдай, кітап арқаламайтын студент жоқтың қасы. Себебі, әрбір мұғалім студенттің қолында кітаптың болуын қадағалайды. Тіпті оқымаса да алдында тұруы керек. Ал жатаққанадағы жүйе өзгеше. Студенттерге барлық жағдай жасалған. Жаттығу алаңы, таза су, бағасы өте арзан 3 мезгіл ыстық тамақ, тегін кір жуғыш машианалар, қажеті болмаса да жаңа теледидар. Тіпті тазалықшылар бөлмеңді өздері  тазалап  кетіп тұрады. Ынты-шынтыңмен сабақ оқуыңа кедергі жоқ.

  Біздің студенттердің ескеруі керек болған ең бірінші нәрсе – әрбір мүмкіндікті өз уақытында максималды түрде пайдалану. Әрекет жасау, жалқаулық танытпау. Әрекетіңе қарай, Алла да берекетін береді. «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» – дегендей, уақыт барда, шаршамаған сана барда әбден оқып қалу керек. Білімің – ертеңге жинаған сенімді қорың. Шет тілдерін меңгеруді бірінші орынға қойыңыз. 

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Студент күнделігі айдарындағы жазбалар

  • Студент күнделігі

    Жатақхана қызықтары (ІI бөлім)

    Авторы:

    «Посылка» Жатақхананың кейбір заңдары оның кейбір тұрғындарының көңілінен әсте шыға бермейді. Мысалы кешкі он бірден кейін...

  • Студент күнделігі

    Жатақхана қызықтары (I бөлім)

    Авторы:

    Әншілер Жатақханада сағат 23.00-ден кейін залда топырлап жүруге немесе шулауға БОЛМАЙДЫ. Бұл – жазылған заң. Міне,...

  • Студент күнделігі

    Жатақханадағы бір күн

    Авторы:

    Мен кейде ерте оянамын. Мүмкін ұйқымның көңілін қимайтын мені оятқышым қатты дауысымен орнымнан тік тұрғызатын болса...

  • Студент күнделігі

    Балғын балалық шақ

    Авторы:

    “Балалық шақ! …Құс та болғым келмейді! Қанатым бар… Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби...

  • Студент күнделігі

    Жатақхана заңдары (әзіл-шыны аралас)

    Авторы:

    Жатақхана да – шағын мемлекет. Оның да басшысы, оның да жазылған және жазылмаған заңдары болады. Мысалы,...

  • Студент күнделігі

    Мотивациялық хат: Мамандығым – мақтанышым!

    Авторы:

    Журналист боламын. Мамандық таңдауда нақты шешімімді осылай қойдым. Жақсылықты жалау етіп, арманға ұмтыламын. Адам баласы кемелденіп,...

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017
Жоғары