Балғын балалық шақ

12134
????????????????????????????????????

«Балалық шақ!

…Құс та болғым келмейді!

Қанатым бар…

Қанатым бар күмістен жаратылған.

Сәби болғым келеді, сәби болғым,

Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған», –деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, сәби болғым келеді. Балғын тәтті шақ үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі екен-ау. Еш алаңсыз қуанып, пәк күлкімен, ақ жүрекпен , таза оймен асыр салып жүрген күндер, кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды.

Өткен күннің, балалық шақтың естелігі ұмытылмайды, ұмытылмауы керек-ақ. Ауылымның шәрбат суын ішіп, тауына шығып, жұпар ауасымен тыныстап, шипалы сусыған құмынан нәр алып өскен күндерді алыста отырып сағынады екенсін.

Тез өсіп, бір мамандықты игеріп, өз алдыма өмір сүрсем, басқа қалаға кетсем деген балалық дәуреннің қиялы-ай. Бауырларынмен ойынның түбін түсіріп, қас қарайғанда бір келетін, төбелесіп алып, достасып жүре беретін сәттерді аңсап кетемін кейде. Бір күнде неше түрлі киім ауыстырып, үйдің адамдарын жинап алып «fashion» ұйымдастыратынмын. Бәрі де болмағандай, артқа қарағандағы ең ыстық, ең тәтті күндер.

Авторы: Сәулет ИБРАГИМҚЫЗЫ