«ЕЛОРДА КУБОГЫ-2022» жеңімпазы – семейлік Шатыр

160

 

Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5-қараша күні Бейбітшілік және Келісім сарайында дәстүрлі «Елорда кубогы-2022» ойыны  өтті.

«Елорда кубогы-2022» Республикалық арнайы жобасы – әр жыл сайын өтетін дәстүрлі, «Жайдарман» ойындарының арнайы жобаларының бірі. Астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңға толы бұл жобада елордамыздағы,еліміздегі саяси ахуалды асқан тапқырлықпен көрермендер мен кештің арнайы қонақтарына жеткізеді.

Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан 15 команда қатысып, нәтижесінде араға 2 жыл үзіліс алып қайта оралған Семей қаласынан келген «Шатыр» құрамасының жігіттері бас жүлдені қанжығаларына байлады. Күміс жүлдені  Шымкенттік «Абырой» құрамасы алса, 3-орын көрші Қырғызстан мемлекетінен келген қонақтарымыз  «Торнадо» командасына бұйырды. «Үздік ойыншы» номинациясы «Талант» құрамасы  капитаны Орынғалиев  Мейрамбекке бұйырды.

Ойынға елімізге танымал жұлдыздар Динара Сәтжан,Әбунасыр Серіков,Әділ Ахметов төрелік етті.

Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын Jaidarman OFFICIAL  youtube арнасынан тамашалай аласыздар!