Елордада ревакцинация үшін қандай вакциналар бар?

247

Нұр-Сұлтанда азаматтарды вакциналау үшін Спутник V, QazVac, Sinopharm Vero cell және Pfizer препараттары (тек жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін) қолжетімді. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Ревакцинация үшін Спутник Лайт, QazVac, Sinopharm Vero cell, Спутник V вакцинацсының бірінші компонентін және Pfizer препаратын (тек жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 60 жастан асқан адамдар және медицина қызметкерлері үшін) қолдана алады.