«СТРАНДЖА КУБОГЫ»: САН САПАҒА ҰЛАСТЫ МА?

315

Бокстан Болгарияда өткен «Странджа кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

ЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ:
🥇54 келі — Махмұд Сабырхан
🥇86 келі — Сағындық Тоғамбай
🥈51 келі — Дамир Әбдіқадыр
🥈67 келі — Дулат Бекбауов
🥉48 келі — Санжар Тәшкенбай
🥉51 келі — Тимур Қабдешов
🥉63,5 келі — Абзал Серік
🥉92 келі — Абзал Құттыбеков
🥉+92 келі — Нұрлан Сапарбай

🏆ЖҮЛДЕ РЕЙТИНГІСІ

🥇🇺🇿ӨЗБЕКСТАН — 🥇6 алтын.
🥈🇷🇺РЕСЕЙ — 🥇2 алтын, 🥈2 күміс, 🥉6 қола.
🥉🇰🇿ҚАЗАҚСТАН — 🥇2 алтын, 🥈2 күміс, 🥉5 қола.
4-орын. 🇧🇬БОЛГАРИЯ — 🥇1 алтын, 🥈4 күміс, 🥉5 қола
5-орын. 🇺🇦УКРАИНА — 🥇1 алтын, 🥈3 күміс
6-орын. 🇩🇰ДАНИЯ — 🥇1 алтын
7-орын. 🇩🇪ГЕРМАНИЯ — 🥈2 күміс, 🥉1 қола
8-орын. 🇮🇹ИТАЛИЯ — 🥉3 қола
9-орын. 🇰🇬ҚЫРҒЫЗСТАН — 🥉2 қола
10-13 орын. 🇷🇸СЕРБИЯ — 🥉1 қола
10-13 орын. 🇩🇿АЛЖИР — 🥉1 қола
10-13 орын. 🇳🇱НИДЕРЛАНДЫ — 🥉1 қола
10-13 орын. 🇨🇵ФРАНЦИЯ — 🥉1 қола

«СТРАНДЖА КУБОГЫНЫҢ» ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

🆕🇰🇿Аталмыш турнирдің тарихында елімізден рекордты көлемде (22 ер спортшы) боксшы бақ сынады.

🆕🇰🇿Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасы жүлде алудан ең үздік көрсеткішін жаңартты (бұған дейінгі рекорд 2008 жылы 🥇2 алтын, 🥉2 қола алған)

ЕРЕКШЕ ЖЕҢІСТЕР:

92 келі. 🇰🇿Абзал Құттыбеков🆚🇪🇸Эммануэль Рейес (Токио Олимпиадасында Василий Левитті нокаутпен жеңген, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2021)) 3: 2

80 келі. 🇰🇿Ерасыл Жақпеков🆚🇷🇸Владимир Мирончиков (Әлем чемпионатында Нұрбек Оралбайды жеңген, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2021)) 3: 2

57 келі. 🇰🇿Жексен Бейбарыс🆚🇨🇵Самуэль Кистохарри (Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2021)) 5: 0

+92 келі. 🇰🇿Нұрлан Сапарбай🆚🇪🇸Джадфа Дрисси (2021 жылы әлем чемпионатының алғашқы айналымында осы бокмшыдан жеңілген) — техникалық нокаут

54 келі. 🇰🇿Махмұд Сабырхан🆚🇧🇬Даниэл Асенов (2016 жылдан бері осы турнирде топ жарып келе жатқан боксшы, 2 дүркін Еуропа чемпионы) 4: 1

63,5 келі. 🇰🇿Абзал Серік🆚🇮🇪Клейн Денси (22 жасқа дейінгі жастар арасында Еуропа чемпионы) 5: 0

86 келі. 🇰🇿Сағындық Тоғамбай🆚🇰🇬Эркин Адылбек уулу (2019 жылы өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері) 5: 0

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР ОСЫ ТУРНИРДЕ ДЕ ҚАЙТАЛАНДЫ

67 келі. Дулат Бекбауов 🇰🇿Дархан Дүйсебайдан тағы да басым түсті.

71 келі. 🇰🇿Ермахан Жақпеков 🇰🇿Қуан Қуатовтан тағы да басым түсті.

ӘР САЛМАҚТА ӨНЕР КӨРСЕТКЕН 2 ОТАНДАСЫМЫЗ ШЕТЕЛДІК 1 БОКСШЫДАН ЖЕҢІЛДІ.

48 келі — 🇷🇺Эдмонд Худоян 🇰🇿Даниял Сәбит пен 🇰🇿Санжар Тәшкенбайдан басым түсті.

51 келі — 🇺🇿Хасанбой Дусматов 🇰🇿Тимур Қабдешов пен 🇰🇿Дамир Әбдіқадырдан басым түсті.

60 келі — 🇩🇪Мурат Йылдырым 🇰🇿Әділет Құрметов пен 🇰🇿Василий Самчуктан басым түсті.

63,5 келі — 🇺🇿Муджибулло Турсунов 🇰🇿Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен 🇰🇿Абзал Серіктен басым түсті.

🇰🇿ДУЛАТ БЕКБАУОВ ҚАНА 🇺🇿ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН ЖЕҢДІ. ӨЗГЕ 6 ЖЕКПЕ-ЖЕК КӨРШІМІЗДІҢ ПАЙДАСЫНА АЯҚТАЛДЫ.