Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Жетістікке жетудің құпиясы

Керек кеңес

Жетістікке жетудің құпиясы

Жетістікке жетудің құпиясы

Бала тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік пен дайындық керек. Балаға өсе келе не айту керек? Оның дұрыс дамуы үшін не істеу керек? 

Сіз бар болғаны мына 7 қағиданы білуіңіз керек. 

«Мен саған сенемін» 

 Әр ана баласына сенетінін, оның қолынан көп нәрсе келетінін жиі айтып тұруы керек. Бала жастайынан өзіне сенімді болып өссе, бақытты, табысты болады. Бұған дәлел ретінде көп нәрсе келтіруге болады. Есіңізге түсіріп көріңіз, айналаңыздағы сенімді адамдардың қандай сыры бар? Оның ата-анасыменқарым-қатынасы қандай?

«Ешқашан жеңістен бас тартпа» 

Егер бала бір ойын, конкурста жолы болмай, жеңіліп қалса, оны сөгудің қажеті жоқ. Керісінше, одан әрі жігерлендіріп, шабыттандыру керек. «Сенің қолыңнан келеді», «жеңіске ұмтыл», «бір күні жемісін көресің» деп қанаттандыруға тырысыңыз. Сонымен қатар, проблеманың шешудің көп жолы бар екенін айтыңыз.

«Біз тәжірибе арқылы үйренеміз» 

Балаңыз қиындықтар мен қателіктердің қалыпты нәрсе екенін түсіне білуі керек. Қателіктің де бір пайдасы бар екенін түсіндіріңіз.

«Әрбір табысты адам сен сияқты шәкірт болды» 

Балаңызға әр миллионер, табысты адамның да бала, шәкірт болғанын айтыңыз. Бала қателесудің қалыпты нәрсе екенін түсінуі керек. Мақсатқа жету жолындағы әртүрлі кедергілерге дайындаңыз. Табысты, бақытты болғысы келсе, төзімді, мақсатқа берік болуы керек екенін айтып, түсіндіріңіз.

«Қиындық – сабақ»

Балаңызға өмірде болатын қиындықтар жеңіліс емес, оның жігерін ұштайтын жаңа сабақ деп түсіндіріңіз.

«Әр қателіктен сабақ алуың керек»

Балаңыз бір қиын жағдайға тап болғанда, қателік жасағанда одан «қандай сабақ алдың?» деп сұраңыз. Сол жағдайды бірге талқылаңыз. Әр қателіктің біз үшін үлкен сабақ екенін түсіндіріңіз.

«Ештеңеден қорықпа. Біз сені жақсы көреміз»

Өзіңіздің бала кезіңізді еске түсіріңіз. Махаббат пен қамқорлықты сезінгенде ешнәрседен қорықпайтын едіңіз, рас па?  Бала үшін қауіпсіздікті сезіну маңызды. Ол ата-анасының қасында өзін бақытты, жайлы сезінуі керек. Бұл оған жеке тұлға, мінезі мықты адам болуға көмектеседі. Баланы ұйықтатар алдында үнемі «ештеңеден қорықпа, біз сені жақсы көреміз» деп құлағына құйыңыз. Мұны күлімсіреп, маңдайынан иіскеп айтатын болсаңыз, ол есейгенде сізге қамқор болады. Баланың әрекеті тек ата-анасының тәрбиесіне байланысты. Осыны ұмытпаңыз.

 

Дереккөз: Әйелдерге кеңестер 

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Керек кеңес айдарындағы жазбалар

  • Керек кеңес

    Кеңседегі денсаулық

    Авторы:

    Күннің соңына таман арқаңыз ауырып, көзіңіз құмыққандай әсер қалдырады, ал аяғыңыздың тамыры шығып кетеді. Сонымен, тексеріп...

  • Керек кеңес

    Кірпік күтімі

    Авторы:

    Адам айнасы – көз. Ал кірпік  көзге әсемдік беріп, сыртқы жағымсыз микробтардан қорғап тұрады. Әрбір бойжеткеннің ...

  • Kitchen

    Жасымық сорпасы

    Авторы:

    Бүгінгі ас мәзірімізде жылдам әрі жеңіл дайындалатын, дәмді – жасымық сорпасы.  Қажетті қоспалар: пияз сәбіз қызанақ...

  • Керек кеңес

    Қас күтімі

    Авторы:

    Қас түктері көздің қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар, ол бет–әлпет ажарына өзіндік сұлулығын қосады. Әрине, қас...

  • Керек кеңес

    Қол күтімі

    Авторы:

    Қоршаған ортаның зиянды әсерінен ең алдымен қолымыздың терісі бұзылады. Әйел адамның қолына қарап жасын аңғаруға болады...

  • Керек кеңес

    “Кемпір шуақ” деген не?

    Авторы:

    “Кемпір шуақ” немесе “мизамшуақ” дегенді естіп пе едіңіз?  Бұл күз айында  болатын ауа-райы құбылысы – “Бабье...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған кеңес

    Авторы:

    КОРРЕКТУРА • Бастауыш пен баяндауыш арасында ешқашан үтір қойылмайды. • Редактор мен корректорге сенім артпаңыз. Біріншісі...

  • Керек кеңес

    Интернет журналистке арналған 140 кеңес (жалғасы)

    Авторы:

    Аударма жəне шет тілдері  Ешқашан автоматты аудармашыны пайдаланбаңыз Бір ғана жағдайда пайданыңыз, алдыңызда тіл білетін ешкім...

  • Керек кеңес

    Қызықты фобиялар

    Авторы:

     Сіз  америкалық суретші- мультипликатор, режиссер Уолт Диснейдің тышқаннан қорыққанын білесіз бе?  Яғни, музофобия. Бірақ Уолтер Дисней...

  • Керек кеңес

    Тұмаудың алдын алу жолдары

    Авторы:

    Күн суытып, салқындаған сайын аурудың дендеп, асқындайтын кезі. Адамдардың көбінде кездесетін ауру түрі – тұмау. Тұмау...

Соңғы жарияланымдар

Жоғары