Қас күтімі

7708

Қас түктері көздің қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар, ол бет–әлпет ажарына өзіндік сұлулығын қосады. Әрине, қас шашқа қарағанда баяу өседі. Сондықтан да қарлығаштай қасқа ие болу үшін ұзақ уақыт пен шыlамдылық қажет. Жалпы адам ағзасындағы аурулар, терідегі өзгерістер мен қас түгі без қызметінің бұзылуы қастың түсіуіне, түсін өзгертуіне себеп болады.

Қас түгін өсіру үшін құрамы дәрумен мен минералды затқа бай майлы қоспаларды пайдалану керек.

– 5 грамм майсана майы, 10 грамм өсімдік майы, 1-2 тамшы камфора майы, 5 грамм вазелинді барлығын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырып , күнде қасқа жағып, теріге сіңірудің пайдасы зор.

– Шабдалы дәнегінен сығып алынған майдың 2-3 тамшысын жылытып жағып жүрсеңіз де тез өседі.

– Шағын ыдысқа зәйтүн майынан құйып, оған лимон тілімін батырып қойыңыз. Бірнеше күнге қалдырыңыз. Белгілі уақыт өткен соң ұйқыға жатар алдында зәйтүн майы әбден сіңген лимон тілімімен қасты жақсылап сүрту керек. Ал масканы таңертең сүртіңіз. Түнімен сіңіп, жасушалардың қайта қалыпқа келуін жылдамдатады. Осылайша қастың өсуін де тездетеді.

Сәулет Ибрагимқызы