Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Ерлан Сағадиев. Неліктен? Кімдер? Қалай?

Ерлан Сағадиев TEDxAlmaty шарасында, 2013 жыл ©youtube.com

Білім

Ерлан Сағадиев. Неліктен? Кімдер? Қалай?

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ratel.kz басылымына сұхбат берген. Ratel.kz тілшісі Анар Бекбасова соңғы кездері дау-дамайға ұласып отырған бірқатар мәселелер жөнінде нақты, ашық сұрақтар қойған. jas.kz сол сұхбаттың басты-басты түйіндерін ұсынады.

Неліктен халық әбден сынға алғаннан кейін барып түсініктеме беретіндері туралы:

– Олай емес. Шын мәнінде біз бұл сұрақтарды талқылап жүрміз. Айталық, сол оқулықтар [сынға ұшыраған] сайтта алты ай бойы ілініп тұр. Сосын оған біреулер шүйлігеді. Барлық мұғалімдер, алаңдаулы ата-аналар сайтты қарап, не боп жатқанын [бұрыннан] қарап жүрсе де. Сосын БАҚ-тар жарияға жар салуға тырысады, менің ойымша – айналымды, келушілерді көбейту үшін. Біз мұны тамаша білеміз. Олар [БАҚ] бұдан мейлінше пайда көріп қалуға тырысады. Жалпы, біздер қазір кез келген мәселені ұзағырақ талқылап, оған мейлінше көп жұртты тартып, барлық мәселені барынша жариялы ету стратегиясын қабылдадық.

Ақпаратты өңін айналдырып жеткізу кімдерге керек екендігі туралы:

Бұл сұраққа жауап бермеймін. Әйтеуір ақырында білім сапасы жақсаруы тиіс.

Жалған ақпарат таратуға кімдердің қатысы бары туралы:

Жауап беру маған қиын. Біздер сәйкесінше органдарға арыздандық. Олар анық-қанығына көз жеткізеді деген үміттеміз. Егер бұл әлдекімге пайдалы болса, олар оны табады.

Ректорлардың лоббиі туралы

Ерекше бір, ректорлардың лоббиі бар деп айта алмаймын. Меніңше ЖОО жетекшілері – жауапты, тәжірибелі адамдар. Менің өзім осы күнгі ректорлардың шәкіртімін, сондықтан оларға құрметпен қараймын.

Ұлтшыл-патриоттармен қарым-қатынасы туралы

…Қисық ақпарат әлдебір деңгейге жеткенде, біз оған әрекет етеміз. Біздің істеп жүргеніміз осы ғана. Біздер Алматыда академиктермен кездестік. Жалпы, олар ағылшын тілінің керек екеніне, біздің жасап жатқанымыз ауадай қажет екеніне келісіп отыр…

Вице-министр Эльмира СУХАНБЕРДИЕВАНЫҢ жаңалыққа қарсы мұғалімдерден құтылу керектігін айтқаны туралы

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ©vechastana.kz
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ©vechastana.kz

…Мен біреулерден құтылу керек деп ойламаймын. Қазір 11 сынып оқушыларының саны колледждермен қоса алғанда – 220 мың, ал дайындық сыныптарындағы бүлдіршіндер – 400 мың. Егер осы коэффициент сақталатын болса, бізге алдағы он жыл ішінде барлық деңгейдегі 200 мың педагог керек. Сондықтан әрбір ұстаз бізге қымбат болады.

Ұстаздардың жалақысын “сағаттарды қысқарту” есебінен көтеру туралы

Дөрекі айтқанда, әрбір сағат қымбатырақ болмақ. Осылай айтуға болады.

Мектептердегі ақша жинау туралы

Мектеп пен ата-аналар арасындағы қаржылық қатынастарды – мектептің емес, құрамында қоғам өкілдері бар қамқоршылар кеңесінің құзырына беру керек.

 

Ratel.kz редакциясының рұқсатымен әзірлеген – Ерлан Оспан

jas.kz редакциясы Ratel.kz редакциясына осы мақаланы пайдалануға рұқсат бергені үшін алғысын білдіреді.


Ұстаздар WhatsApp-та: Ұстаздар Лигасы


Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Білім айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Әке кеңесі

Авторы: 12.10.2017

Сіз білесіз бе?

Авторы: 12.10.2017
Жоғары