Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Ең ерекше университеттер

Білім

Ең ерекше университеттер

Ең ерекше университеттер

Әлемде өзге ешқайсысына ұқсамайтын ерекше университеттер жетерлік. Бұл оқу орындарының өзгелерден қандай ерекшелігі барып қарап көрейік.

MASSACHUSETTS INSTITUTE OF TECHNOLOGY  (МАССАЧУСЕТС ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ)

Институт өзінің дизайны, салыну үлгісімен бірден өзгелерден ерекшеленеді. Бұл жерді Нобель лауреаттарын шығаратын зауыт деп те айтады. Сондықтан бұл жерге ең болмағанда генийлер қалай оқитынын қарау үшін баруға болады. Оның аумағына, оқу ғиматтарына тіпті аудиторияларға кіру еркін.

Бұл жерде компьютер, ақпарат және интеллектуалдық ғылымдар орталығы орналасқан. Оны Фрэнк Гери ашыпты. Бұл ғимаратқа  $315 млн. қаражат жұмсалған екен. Оны демеушілердің бірі Билл Гейтс болды деседі.

NANYANG TECHNOLOGICAL UNIVERSITY (НАНЬЯНГ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ)

Times Higher Education Supplement рейтингі бойынша университет ең үздік 60 оқу орнының қатарына кіреді. Университет аумағында үлкен бақ бар.

Ең ерекше ғимарат – өнер, дизайн және медиа мектебі (School of Art, Design and Media). Бұны салған инженерлер архитектура мен табиғатты ортақ дүние айналдырғысы келген. Суретке қарасақ, бұл олардың қолынан келген сияқты.

UNIVERSITY OF NOTTINGHAM (НОТТИНГЕМ УНИВЕРСИТЕТІ)

Бұл оқу орны Ұлыбританияның ең танымал университеттерінің қатарында. Себебі, университет білім беру сапасынан өзге ерекше инфрақұрлымға ие. 4 оқу ғимараты да өзгелерге ұқсамайтын, тапсырмас дизайнмен салынған. Hopkins Architects мамандары ойлап тапқан кітапхана да бұл жерде өзгеше салынған.

Айта кетейік, бұл кітапхананың өз твиттері де баре кен.

RANGSIT UNIVERSITY (РАНГСИТ УНИВЕРСИТЕТІ)

Ең жарқын оқу ғимараттарының жарысы болса, бұл оқу орны бас жүлдеге ие болар еді. Бұл жердегі студенттерде “күнделікті біртүсті күндер” болмайтын секілді. Жан-жақтағы жарқын түстер бұған кедергі болады.

Мысалы Рангсит университеті қыс мезгілінде өз аумағындағы барлық ағаш-бұталарды сары, күлгін, қызыл түстерге бояған. Нәтижесі суреттегідей.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Білім айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары