Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Нобель сыйлығын алмаған танымал жазушылар

Мәдениет

Нобель сыйлығын алмаған танымал жазушылар

Нобель сыйлығын алмаған танымал жазушылар

Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. 1901 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл әдебиет жанры бойынша ұлыбританиялық жазушы Кадзуо Исигуроға берілді.Не үшін бұл жазуға берілгенін білу үшін, оның “Остаток дня”, “Не отпускай меня” және “Погребенный великан” еңбектерімен танысып көріңіз.

Нобель сыйлығынсыз-ақ әлем халықтарының ой мен санасына әсер етіп, жадында жатталған жазушылар көп. Бүгін сол жазушылардың тізімін жасадық.

Лев Толстой. 1901 жылы ең бірінші Нобель сыйлығына ұсынылған еді, бірақ марапат бұйырмады. 42 швед жазушысы мен суретшілер академияға өз наразылықтарын білдіріп, хат жазды. Дегенмен, Толстой “Ақша. Тек зұлымдық әкелуі мүмкін”,- деп қысқа қайырған. “Соғыс және бейбітшілік” романын оқуыңызға болады.

Марк Твен.Нобель комитетінің назарына тоғыз рет ілігуге шамасы жетсе де, комитет тарапынан жазушыға ешқандай қызығушылық болмаған. Бүгінде бұл америкалық жазушының есімін білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Бала күнімізде “Том Сойердің бастан кешкендері” атты хикаятын оқып едік. М. Твеннің қанатты сөздерін үнемі айтып жүрсеңіз, жетістікке жетуге болады.

Генрик Ибсен. XX ғасырдағы Еурропа драматургиясының дамуына үлкен үлес қосқан норвег жазушысы. Ибсеннің “Қуыршақ үй”, “Елестер”, т.б. пьесаларын А. Тоқпанов, Қ.Ысқақов, т.б. қазақ тіліне аударған.

Антон Чехов. 1904 жылы дүниеден өткен. Ал 1901 жылдан бастап Швед академиясы Нобель сыйлығын тағайындады. Әлемнің ең ұлы жазушыларының бірі болған Антон Чеховтың әңгімелерін оқуға кеңес береміз.

Вирджиния Вульф. Нобель сыйлығының 112 жылдық тарихында тек 13 әйел әдебиет бағыты бойынша марапатталған. Өкінішке орай, ХХ ғасырдың модернизм бағытындағы әдебиетінің ірі өкілі Вирджиния бұл сыйлықты алмаған. Францияның “100 ұлы кітабы” тізіміне енген “Өз бөлмем” атты туындысын оқуды ұсынамыз.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
1 пікір

1 пікір

  1. Dinara

    12.10.2017 at 21:42

    Іздегенімді таптым! Оқуға кітап қарастырып жүр едім, мына мақала маған өте пайдалы болды!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Мәдениет айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары