АҚШ президенттері жайлы не білесіз?

9014

Алып держава Америка Құрама Штаттарының тарихында осы кезге дейін барлығы 45 президент болды.

Және олардың әрбірі өздері жайлы ерекше фактілермен тарихта қалған. Сол фактілердің аса қызықтыларына назар аударайық:

  •  Джордж Вашингтон – АҚШ-тың алғашқы президенті.
  • Америка Құрама Штаттарының астанасы Джордж Вашингтонның құрметіне қойылған.
  • Ақ Үйдің орналасқан жерін Джордж Вашингтон өзі жеке таңдаған. Ақ Үйдің құрылысын өзі қаржыландырып, алғашқы кірпішін өзі қаласа да ешқашан Ақ Үйде өзі тұрмаған. Оған қоса АҚШ-тың алғашқы президенті Ақ Үйді өз көзімен көре алмай кетті. Себебі, құрылыстың бітуіне 1 жыл қалғанда әйгілі президент дүниеден озды.
  • Америкалық үкіметтің негізін қаласа да,  өзі ешқандай саяси партия құрамында болмаған. Бұл – АҚШ тарихында болмаған жағдай.
  • Джордж Вашингтонның президенттікке қараған уақытында өзінің табиғи тістерінен бір ғана тісі қалған. Қалған тістерін ем алу кезінде жоғалтқан.

  • Уильям Генри Гаррисон (William Henry Harrison, №9 АҚШ президенті ) инаугурация кезінде суық тиіп, 1 айдан кейін қайтыс болған. Яғни, президенттігінің ұзақтығы 30 күнге ғана созылған. Кейбір мәліметтер бойынша, салтанатты рәсім кезінде оның сөйлеген сөзі өте ұзаққа созылған (100 минут) және сөз сөйлеу кезінде суық желде пальто, шляпасыз ұзақ тұрып қалған. Осыдан бастап, америкалық президенттердің ешқайсысы инаугурация кезінде ұзақ сөйлемейтін болған.
  • Томас Джефферсон өзінің қабіріне жазылатын сөзді өзі дайындаған және өзі туралы ақпаратта өзінің АҚШ президенті болғандығын жазуды ұмытып кеткен.

           АҚШ-тың 3 президенті өмірден 4 шілде күні қайтыс болған: Джон Адамс (John Adams, № 2), Томас              Джефферсон (ThomasJefferson, № 3) және Джеймс Монро (James Monroe, № 5 ).  4 шілде –  Америка Құрама Штатының Тәуелсіздік күні. 1776 жылы дәл осы күні АҚШ Тәуелсіздік Декларациясы        қабылданған.

  • кіші Джон Тайлер  (John Tyler, № 10) өзге АҚШ президенттерінен балаларының көптігімен ерекшеленеді. Алғашқы некесінен сегіз, екінші некесінен 7 баласы болған. Оның 15-ші баласы Джон Тайлердің жасы 70-ке таяғанда дүниеге келген.
  • Миллард Филлмор (Millard Fillmore №13) өзінің мұғаліміне үйленген. Ол болашақ жарын NewHope Academy-де оқып жүрген кезінде жолықтырған. Бірақ жары өзінен 2-ақ жасқа үлкен болған.
  • Бенджамин Гаррисон (Benjamin Harrison, № 23) фобиясы: электр қуаты болған.  Ақ Үйде электр қуатын қолдануға тыйым салған.
  • кіші Барак Хуссейн Обама (Barack Hussein Obama II, № 44) комикстердің коллекционері. Әсіресе, Spiderman(Человек-паук) туралы комикстерді жинағанды жақсы көреді.