Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Томыртқа – қазақша коктейль

Мақала

Томыртқа – қазақша коктейль

Томыртқа – қыс айларында шөл басатын сусын.

Томыртқа сорпаның ерекше бір түрі. Дәмді астан кейін, сорпаны ортаға алып келіп, оны сораптап ішу – дастарқандағы әңгімені үстеуге керемет тәсіл болған.

Тойымды асты кейбірі айран қосылған сорпамен аяқтайтын болса, бірі майлы сорпаны қалап жатады. Ыстық сорпа сусындары ішіндегі ең ерекшесі томыртқа атымен белгілі. Ыстық, майлы сорпаның ішіне таза мұзды салып ішетін сусын томыртқа.

Елін, жерін сағынғанда «маған жоқ майлы омыртқа, көзден ұшты-ау томыртқа» деген өлең жолдары сақталған. Бұл жол қай ақынның қамыққан кездегі сөзі екені белгісіз, бірақ томыртқа халық арасында кең таралған көрінеді. Қысқы майлы соғымның майлы сорпасының майын басу үшін және сорпаны тездетіп суыту үшін таза мұзды қосып ішу – дәстүрлі томыртқаның пайда болуына негіз болған.

“Томыртқалау” сөзі – ыстықты жылы ету деген мағынаны білдіреді. Яғни, томыртқа сусынын жылы сорпа екенін түсінуге болады. Өкінішке қарай, қазір томыртқа ұмыт қалды.

Шырақ Байкенова

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Мақала айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары