Домой Жаңалықтар Технология Астанада жұмыс іздеушілер үшін «СZ Астана» мобильді қосымша іске қосылды

Астанада жұмыс іздеушілер үшін «СZ Астана» мобильді қосымша іске қосылды

Астанада жұмыс іздеушілер үшін «СZ Астана» мобильді қосымша іске қосылды

Астанада жұмыс іздеушілер үшін «СZ Астана» мобильді қосымша іске қосылдыАстана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы «СZ Астана» атты мобильдік жобасыy іске қосты. Бұл қосымша Астана бойынша жұмыс іздеушілер үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

«Астана қалалық жұмыспен қамту орталығына күніне үш жүзден астам адам жұмыс іздеп келеді. Сондықтан мұндай қосымшаның тиімділігі зор», дейді жоба авторы Өмірсерік Тұяқов.

Оның айтуынша, жұмыс іздеушілер көп жағдайда өздерінің құқығын, еңбек туралы заңды біле бермейді. Осы орайда мобильді қосымша жұмыс орындарымен қатар, заң мен қағидаттарды қысқаша қамтып отыр.

Бұл қосымшада кәсіби бағдарлауға қатысты тест тапсыру, бос жұмыс орындарын іздеу, жарнама (курстар, жәрмеңкелер, шеберлік курстары), жұмыс берушілер мен іздеушілер туралы ақпарат берілген.

«СZ Астана» қосымшасын гугл мен App Store қосымшасы арқылы жүктеуге болады.

Астана әкімдігіне қарасты «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердіңең үлкен базасына ие мемлекеттік мекеме. Бүгінде мекеме бұл қосымшаға 3500 бос жұмыс орны туралы ақпарат салып отыр. Сондай-ақ, мобильдік қосымшадағы жұмыс орындары аптасына екі рет жаңарып отырады. Алда тағы да жетілдіріп, қолданушылар үшін іздеу жүйесі іске қосылатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here