Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Керек емессіз…

Әдебиет

Керек емессіз…

Жазармын тағы да біраз өкпелеп өлең,
Сезімнің сергелдең жолын өткере келем.
Мені тағдырым болып әу баста жаралмағаныңыз үшін
Мен сізді жек көре берем…

Мұңдылау жанарымды да сықпайтын болам,
Үнсіздік шеңберінен де шықпайтын болам.
Менің жанымды жаралап ұқпағаныңыз үшін
Мен сізді ұқпайтын болам…

Қадам  басамын барлығын құртам дағы,
(Махаббатымның жалыны жылыта алмады).
Менің жанымды жаралап ұқпағаныңыз үшін
Мен сізді ұмытам әлі…

Түсіне алмай өмірдің (алып) ағысын,
Жылады бүгін құлазып жаным тағы шын.
Сіздік бейнені кеудемнен өшірсем бе екен?
Сарғайып сағынбау үшін…

Мойынсынумен сезімге келем егессіз,
Сіз мен үшін өзгеден бөлек елессіз.
Есіңізде болсын дәл осы секундтан бастап
Маған керек емессіз!

Шынар Жұмасат

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Advertisement
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Әдебиет айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары