Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Әдебиет

Сағыныш

Сағындым…
Бірақ жасымды сықпағым келді,
Өмірдің заңдылықтарын ұқпағым келді.
Әжетай, сезесің бе бүгін сізді
Қатты-қатты құшақтап ұйықтағым келді.

Дегенімді жасатсам өкіріп кейде,
Көтермеуші ең, дауысыңды жекіріп мүлде.
Сен маған ертегі айтпаған едің,
Сенбесін дегенің болар өтіріктерге.

Сөзімді айтқызбай ұғып жанарымдағы,
Ерке ғып бәрін әпердің қалауымдағы.
Тығылып маған беретін құрттың ғана емес,
Ақ жаулығыңның иісі танауымда әлі.

Өзің айтқандай (бұйыртып бағыма білем),
Жақсы жандарды жинаймын жаныма кілең.
Бірақ та…

Неге екен олардан бөлек
Өзіңді аңсаймын, сағына берем.

Әкетайымның құлақтан кетпей жыр-әні,
Шыңға шығатын анамның еткей Шынары.
Әжетай, бой жеткен “Еркелігіңе”
Сонда да еркелеткенің жетпей тұрады…
Әттең…

Пы/сы: Тәңірдің маған берген сыйы сынды,
Әжетай, сағындым ғой иісіңді…

Шынар Жұмасат

Бөлісу:

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Әдебиет айдарындағы жазбалар

  • Әдебиет

    БӘРІ ЖАЛҒАН

    Авторы:

    Өмір деген – тамшылар өзендегі, Алғыс – уақыт, өмірің өз ермегі. Жүрген жандар кешегі бүгінде жоқ,...

  • Әдебиет

    Ауылдағы анама

    Авторы:

    Апатайым, жүректің жан шуағы, Менен алыс, ауылда қалған жырақ. Ойладым сырғып түскен тамшыларды, Сіз бе екен...

  • Әдебиет

    Қазақтың Әбіші

    Авторы:

    Бүгін Әбіш туған күн. Тәңірдің  қазақтың маңдайына терең сөздің телегейін, шалқар ойдың шыңырауын сыйға тартқан күні....

  • Әдебиет

    АЛАШПЫЗ БІЗ!

    Авторы:

    (Алаш арыстары рухына арнау)   Алашпыз біз батыр жұрттан құралған, Жау келсе де тайсалмай еш тұралған....

  • Әдебиет

    ТҰҒЫРЫН  ІЗДЕГЕН ЖАС ӨРЕН

    Авторы:

    Мен оны үнемі жақсы жерлерден көріп жүремін: руханиятқа арналған әртүрлі қалалық, республикалық, халықаралық жиындардан. Әсіресе Алаш...

  • Әдебиет

    Батыл бол, солдат!

    Авторы:

    Төпелеп төбеңнен құйғанда жауын, Күртең су болса да, жан жаурамасын. Сынақ деп ұғайық сынын Алланың, Өтеді...

  • Әдебиет

    Жарық түн

    Авторы:

    Жарық түн. Асфальттің жылтыры. Жауыннан буланды жол шамы. Көліктің жылжыған бір түрі, Кемеге еліктеп барады.  ...

  • Әдебиет

    Күзгі вальс

    Авторы:

    1975 жылдың күзі еді. Жапырақтар сары түске боялып, кейде қаланы тұман басып, кейде Табиғат ана өкпелеп...

  • Әдебиет

    Бір күні… (Сезім жырлары-2)

    Авторы:

    Көз жасын төгетін күздей даласын, Жалпақтан бас мейлі жалғаныңды да. БІР КҮНІ сен түк те сезбей...

  • Әдебиет

    Әке кеңесі

    Авторы:

    Әкем айтқан жігерлі сөздерден бастайын: 1. Әрқашан сенімді бол.Сенімің сені алдамайды. 2. Өз жолыңды, жүрек қалауыңды...

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары