Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

«Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті

Астана

«Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті

«Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті

2017 жылдың 31 қазанында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы №68665 әскери бөлімі аумағында «Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті. Салтанатты ашылуымен №68665 әскери бөлімінің аға капитан Абылхадиров Мұрат Саяжанович құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі.

Алдымен әскери бөлімге қатысты нұсқаулар өткізіліп, қатысушылардың дайындығы тексерілді.
Дәл қазір «Әскери эстафета», «Кросс», «Жартылай автоматтық мылтықтан ату» секілді конкурстар өтіп жатыр. Күннің екінші бөлігінде «Калашников мылтығын бөлшектеу мен қайта жинау», « Арқандық жолдағы кедергілерден өту», «Кедергілер астынан өту», «Гранатаны лақтыру», «Кедергілер жолағынан өту» деген сайыстар жоспарланған.

Қиын да қызықты кедергілерді артқа тастап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған командалар мақтау қағаздары жəне медальдармен марапатталды.

Жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Асхат Раздықұлы бүгінгідей əскери ойындардың жастардың патриоттық рухын оятуда рөлі зор екенін атап өтті. Расында, “отан үшін от кешкен” ата-бабаларымыздың бүгінгі ұрпақтары рухты əрі мықты болуы тиіс.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Астана айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017
Жоғары