Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Астанада “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалі басталды

Астана

Астанада “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалі басталды

Астанада “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалі басталды


Астанада “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалі басталды. Осымен 21-ші рет өткізілген байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы 600-ден астам үміткер қатысты. Олар, 5 күн бойы сынға түсіп, жүзден жүйрікті анықтайды. Мәселен, алғашында мыс үрмелі аспаптар аталымына 18 адам қатысса, 2-ші кезеңге оның тек 9-ы жолдама алды.

Әр үміткерге артылған жүк ауыр. Олар елінің намысын қорғап қана қоймай, өнер айдынында өрістерін кеңейтеді. Қатысушылардың бұл жылғы мүмкіндігін
Ресей, Украина, Қырғызстан, Австрия, Германия, Грузия, Македония, Израильден келген көрнекті мәдениет қайраткерлері бағалайды.

Үміткерлер 5 аталым бойынша сынға түсуде. Талантын танытқысы келгендер, тыңғылықты дайындалып, бар өнерлерін паш етті. Қатысушылар, Шабыт фестивалінің деңгейі қашан да асқақ дейді.

Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау елімізбен қатар Ресей, Украина, Грузия, Израиль, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстанның таланттарын тоғыстырды. Фестивальдің биылғы ерекшелігі, 6 жыл бұрын бағдарламадан шыққан журналистика аталымы қайта енгізілді. Айта кетейік, байқауға 21 жыл ішінде 10 мыңнан астам үміткер қатысып, жұлдызын жаққан.

Астанада “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалі басталды

Руслан Жұбаныш, журналист

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Астана айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары