Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

«Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренинг өтті

Астана

«Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренинг өтті

«Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренинг өтті

13 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің “Астана жастары” КММ ұйымдастыруымен №60 мектеп-лицейінің қызметкерлері және оқушылардың ата-аналары арасында «Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің өткізілуіндегі басты мақсат – жастардың өз ісін сүйетін, шебер кәсіп иелері санынының көбеюіне, бәсекеге қабілетті мамандардың артуына кішкентай болса да өз үлестерін қосу.


Семинар-тренингке келіп, осы бағытта жұмыс жасап жүрген халықаралық дәрежедегі психолог-коучерлердің авторлық бағдарламасы негізінде жүргізілген түрлі кеңестерді тыңдаған әрбір ата-ана өз баласының қабілетіне қарай бағдар беріп, оның дұрыс мамандық таңдауына жол көрсетуі үшін бағдарламада қамтылған ережелермен таныс болды.

Тіпті, осы уақытқа дейін кәсіптік бағдар беруде қате қадам жасағандары турасында да көптеген қателіктерге бой алдырғандарын да сөз етті. Ұйымдастырушыларға разы болған қатысушылар осы сынды тренингтердің көптеп өткізілуін сұрап, ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Астана қаласы әкімдігінің “Астана жастары” КММ “Руxани жаңғыру” бағдарламасы аясында Астана қаласының ірі кәсіпорындары мен ұйымдарындағы 14-18 жас аралығында балалары бар ата-аналарға семинар-тренинг арқылы кәсіби бағдар берудің өзектілігі жөнінде кеңес беру іс-шаралары өткізіліп келеді.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Астана айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

БӘРІ ЖАЛҒАН

Авторы: 25.12.2017

Ауылдағы анама

Авторы: 25.12.2017

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары