Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

“Жастарға кеңес беру орталығында” ашық есік күні өтті

Астана

“Жастарға кеңес беру орталығында” ашық есік күні өтті

“Жастарға кеңес беру орталығында” ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен “Маргинал санатындағы жастар арасында алдын алу іс-шараларын өткізу” атты жоба жүзеге асырылуда. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыспен қолға алынған жоба аясында “Жастарға кеңес беру орталығы” да өз жұмысын бастаған болатын.
Орталықтың негізгі мақсаты: мемлекеттік және орыс тілдерінде заңгерлік, психологиялық кеңес беру; жастардың өз бағытын табу үшін психологиялық көмек беру.
Аталмыш орталық маргинал жастары көп шоғырланған жерде орналасқан. Мамандандырылған заңгер мен психолог қызмет атқарады. Білікті заңгер маман жастарға келесі бағыттар бойынша кеңес береді: еңбек қарым-қатынастары мәселелері (негізсіз сөгіс беру, жұмыстан шығару, қорқыту , т.б.), отбасы және азаматтық құқық саласына қатысты (ажырасу, алимент төлеу, мүлікті бөлу, және т.б.), сондай-ақ талап арыз және сотқа жүгінуге қатысты құжаттарды рәсімдеу. Маргинал жастар көп жиналатын жерде (қала маңындағы елді мекендер, вокзал және базарлар т.б.), ай сайын орталықтың қызметкерлерімен көшпелі ақпараттық –түсіндіру акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау өкілдерімен маргинал, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың арасында кеңес беру мақсатында орталықта ашық есік күнідері өткізіледі.
Бүгінге дейін “Жастарға көмек беру орталығы” өтінішін айта келген 370 азаматқа тиісті көмек пен кеңес берілген. Оның ішінде жұмыс бойынша – 282, отбасылық жағдаймен келген – 8, тұрғын үй сұрақтармен – 62 адам, жеке кәсіпкерлікпен – 10 адам, медициналық көмекпен 8 – адам.
19 қазан күні Алаш тас жолы 32, Көк базар (Шанхай) 2 қабатында дәстүрлі түрде тағы ашық есік күні болды. Яғни, қалалық жұмыспен қамту орталығынан, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен арнайы мамандар келіп кеңес берді. Жастардың басым көпшілігі тұрақты жұмыспен қамтылсам деген сұрақпен келеді. Көкейдегі сан сауалға білікті мамандардың бағыттауымен жауап табуға болады.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Астана айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары