Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Талдықорғанда рухани керуен жолға шықты

Жетісу

Талдықорғанда рухани керуен жолға шықты

Талдықорғанда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында рухани керуен жолға шықты.

Зиялы қауым өкілдерінен құралған топ Алматы облысын аралап, 16 аудан мен 3 қаладағы ағайын тынысымен танысады. Сондай-ақ өздері де Президент мақаласындағы бағыттарды түсіндіріп, түрлі мәдени және рухани маңызы бар кездесулер ұйымдастырады. Рухани керуен құрамына әр түрлі саладан 50-ге жуық маман кіріп отыр. Сапар барысында жетісулықтар назарына сурет пен кітап көрмелері, концерттік бағдарламалар мен «Дертке дауа-хақ жолы» атты қойылымдар ұсынылмақ.

Керуенге сәт сапар тілеген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, бұл жалпы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы 100-ден астам жобаның бірі. Шараның мақсаты  Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін  ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау дейді, – облыс әкімінің орынбасары.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жетісу айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары