Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Алматы облысының жастары латын әліпбиіне көшуді қолдады

Жетісу

Алматы облысының жастары латын әліпбиіне көшуді қолдады

Алматы облысының белсенді жастары Жастарға қызмет көрсету орталығында  ҚР Парламент Мәжiлiс залында өткен жиынды онлайн көріп, жан-жақты талқылады. Жас көшбасшылар  әліпбидің  латын тіліне көшу саясатын қолдады – деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

«Парламент латын алфавитіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын атап өтті. Осындай өзгерістер мұндай бастамаларға оңды пікірлер қалыптастырмауы да мүмкін. Бұған шетелдік талай мысалдарды айтсақ болады. Психологиялық  тұрғыдан алатын болсақ,  инновацияның қадамдық әдісі ең тиімді болып табылады», – деді Алматы облысының жастар ресурстық орталығының психологы Алтын Садуова.

«Ұсынылған әліпбидің 25 таңбадан тұратыны мені қуантады. Біріншіден, әріптер саны қазіргі әліпбиімізден аз әрі ыңғайлы. Екіншіден, диграфтарды қолдану жағымды жаңалық болды», – деді Tinfo сайтының авторы Талғат Аблаев.

«Қазақ тілін латын жазуына көшіру мәселесі – аймақтық жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда  мекен-жайымызға жастардан латын алфавитіне көшу туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде. Осы себептен сіздерді қаралып отырған мәселені талқылау үшін ұйымдастырдық. Парламентте сарапшылар бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, біз аймақтың барлық өңірлерінде осындай пікірталастар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді облыстық Жастарға қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Дәурен Қасенов.

Жиын соңында  тыңдаушылар да өз пікірін білдіріп,  25 әріптен тұратын латын тілі бірнеше параметрлер бойынша оңтайлы болып табылатынын сөз етті.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жетісу айдарындағы жазбалар

  • Жетісу

    “Абай жолы” үш секундта көшеді

    Авторы:

    Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Тіл сарайында «Латын әліпбиі: техникалық мүмкіндіктер» атты жиын өтті. Шараға...

  • Жетісу

    Тарихтан сыр шертеді

    Авторы:

    Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен М. Тынышпаев атындағы облыстық...

  • Жетісу

    Еңбек адамының еңсесі биік

    Авторы:

    Алматы облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Еңбек күні мерекесі ерекше аталып өтті. Салтанатты басқосуға облыс әкімінің...

  • Жетісу

    Сарқылмас мейірім

    Авторы:

    Қолы ашықтың жолы ашық» деген халық даналығы бар. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ғұмыр кешкен...

  • Жетісу

    Сапасы жақсы, бағасы да арзан

    Авторы:

    Сенбі күні Талдықорған қаласындағы Қонаев көшесінің бойында орналасқан «ОптМаркет» көтерме сауда орталығы аумағында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті....

  • Жетісу

    Қарттарға құрмет

    Авторы:

    «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы жыл сайын 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнін кең көлемде атап...

  • Жетісу

    Ғылым-білім ордасы

    Авторы:

    І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті – жер жаннаты Жетісу өлкесіндегі алғашқы, республикадағы 50-ші жоғары оқу...

  • Афиша

    «Жетісу жүйрігі» облыстық турнирі өтеді

    Авторы:

    Құрметті ұлттық ат спорт сүйер қауым!           Сіздерді 2017  жылғы 14 қазан күні Талдықорған  қаласындағы облыстық...

  • Жетісу

    Күзгі санитарлық айлық басталды

    Авторы:

    Бүгін Алматы облысында елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы басталды. Бұл шара көктемгі-күзгі екіайлық...

  • Жетісу

    Балқаш жағалауындағы ежелгі қалаларға экспедиция

    Авторы:

    Жуырда Текелі қаласының Туризм және өлкетану балалар мен жасөспірімдер орталығында зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген балалар жетекшілерімен...

Соңғы жарияланымдар

Жоғары