«Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренингі

3271

2017 жылдың 28 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «№60 мектеп-лицейі» Мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында «Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренингін өткізеді.

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айлары аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаламыздың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарындағы 14-18 жас аралығында балалары бар ата-аналарға семинар-тренинг арқылы кәсіби бағдар берудің өзектілігі жөнінде кеңес беру іс-шаралары өткізіліп келеді.

Семинар қорытындысы бойынша, әрбір ата-ана өз баласының қабілетіне қарай бағдар беріп, оның дұрыс мамандық таңдауына жол көрсете алады.

Семинар-тренинг осы бағытта халықаралық дәрежедегі психолог-коучерлердің авторлық бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Қосымша ақпарат үшін: 76-86-88, +77477439500.