«Central Asia Electricity World – 2017» халықаралық көрмесі

1315

19-21 қыркүйек аралығында Астана тұрғындары мен қонақтарына «Central Asia Electricity World – 2017» көрмесіне бару мүмкіндігі туады.  Электротехника, энергетика және жарақтандыру халықаралық көрмесіне 15-тен астам ел қатысады. Көрме кабель, аккумулятор, индикатор, конденсатор, трансформер және өзге де құрылғылар бойынша санатқа бөлінеді. «Көрме» орталығында бірнеше күн өтетін халықаралық маңызды шарадан тыс қалмаңыз!

Мекен-жайы: Достық көшесі, 3. Кіру тегін! 11:00 — 17:00 аралығында көрмені тамашалауға болады.

Анықтама телефоны: +7 (71-72) 52-43-12, +7 (71-72) 52-43-21.

Сымбат Төлекберген