Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Евгений Елбасына жобаларын таныстырды

Жаңалықтар

Евгений Елбасына жобаларын таныстырды

Евгений Елбасына жобаларын таныстырды

Жас ІТ ма­ман Евгений Демиденко жаңа буынның сұранысына жауап беретін YouTube видео­хос­тин­гінің баламасын әзірлеуде. Бұл туралы Евгений Елбасы Н.Назарбаевқа ҚХА-ның 27-ші сес­сиясында айтып берді.
– Аса құрметті  Елбасы!  Өткен жылы  мен  цифрлық техно­­ло­гия­лар­­дың көмегімен «Boeing 757» ұша­ғының база­сы негізінде тех­никалық және жобалық ұшақтардың апгрейді бойынша жоба жасадым. Бұл жобаны «Boeing» компаниясы сатып алды. Қазіргі уақытта ол жоба Ұлыбританиядағы ­Крен­­филд  аэроғарыш уни­вер­­ситетінде іске асыру саты­сында жатыр, – деген ол  ІТ маман­дығының болашағының зор екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Жастар жылына орай «Жас маман» жобасы іске асатын болса, 200 білім беру мекемесінің базасында 100 ең танымал өндірістік және сервистік мамандықтар бойынша мамандар даярлау үлкен мүмкіндіктің кілті екеніне де тоқталды.
Айта кету керек, оның жобасы әуе кемелерінің құрастыру құнын төмендетіп, жолаушылар санын көбейтуге, лайнердің қауіпсіздігін және энергия тиімділігін арттыруға арналған. Ең бастысы, бұл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету персоналы қажет емес.
– Бұл – гибридтік ұшақ. Қазіргі таңда мен «I LEARN» мобильді қосымшасы бойынша жұмыс істеп жатырмын. Бұл YouTube-тің баламасы. Жоба «Google scinse fair» олимпиадасында 25 мың қатысушының іші­нен екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, менде биоло­гия­лық процестердің 4 Д ани­мациясы бар, ол тірі ағзаның кез келген процестерін мо­дель­деуге және көруге мүм­кіндік береді. Оңтүстік Ко­реяда өткен байқауда атал­ған жобам бойынша алтын медальді иелендім. Сонымен қатар, «Кар­манный логист» қо­сым­шамды Play Market ар­қылы миллион адам қол­дануда, – дейді ол.
Сөз соңында Евгений Деми­денко авиация өнеркәсібі, интернет-телевизия, био­ло­гия, анимация және сауда ло­гис­тикасын – IT бағдар­ламалау арқылы игеріп, түрлі жоба жасауға болатынын да айтты.
– Назарбаев Университетінде білі­мімді шыңдап, Қазақстанда жұмыс істегім келеді. Жастар бір-бірімен білі­мін бөлісуі керек. Мен жазғы ла­ге­рь алаңында Ассамб­лея­ның арнайы жастар маусымын өт­кізуді ұсынамын. Ол шараға Сізді шақырамын, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Мен бақыттымын! Тәуел­сіз елім бар, көк байрағым, жел­біреген жерім бар. Мақ­сат­тарыма жетуі­ме ешбір кедергі жоқ. Мүмкіндігі мол елде өскен ұрпақтың өкілі ретінде Сіздің қамқорлығыңызға алғысым шексіз! – деп түйіндеді сөзін.
Талапты жас  11-сынып оқушысы. «HACK DAY-2017» идеялар фестивалінде өз жоба­ларын ұсынып, мамандар тарапынан жоғары бағасын алған. 2015-2016 жылдары «Мың бала» рес­публикалық мәдени-ағар­тушылық жо­басының жеңім­­пазы атанған. Сондай-ақ, 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Дэджон қала­сында өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар кон­курсында І дәрежелі диплом иеленсе, «Ин­фоматрикс» халықаралық жары­сында  ком­пью­терлік жо­балар бо­йын­ша ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары