Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

«АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАУСЫМАШАР — 2018» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жаңалықтар

«АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАУСЫМАШАР — 2018» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

«АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАУСЫМАШАР — 2018» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

2018 жылы 2 сәуір күні сағат 18.30-да Алматы қаласында Н.Сац атындағы театрда «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Алматы Қаласы Жастар Саясаты Мәселелері Басқармасының қолдауымен «Алматы қалалық маусымашар — 2018» фестивалі өтті.

Алматы қаласы және Республика бойынша фестивальге қатысуға 60-қа жуық команда өтініш білдіріп, 4 күндік редакторлық жұмыстардың шешімімен 18 команда Маусымашар гала концертіне жолдама алды. Аталмыш шараның мақсаты – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін көтеру.

Қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастыра отырып, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерді көрермен қауымға жеткізу. Сонымен қатар, алтын уақытын қиып келген жандарға жақсы көңіл-күй сыйлау. Кеш жүргізушісі — Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов. Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері ойынға арнайы қонақ ретінде шақырылған.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары