Есірткіге жол жоқ! – Жақсы Ақпараттар Сайты
Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Есірткіге жол жоқ!

Жаңалықтар

Есірткіге жол жоқ!

Есірткіге жол жоқ!

Адамзат үнемі даму үстінде. Рухани, мәдени, экономикалық. Жаңашылдық жар болған қай заманда да, сол қоғамға кесірі тиетін,кері бағытта жұмыс жасайтын адамдар болған. Бүгінгі біздің тақырыпқа бұл сөздердің қаншалықты қатысы бар деп ойлайсыз? Қоғамға зиянкестер есірткіні пайдаланушылар емес, соны ойлап тауып таратушылар. Ал олар мен күрес адамзат етек-жеңін жинап, ес білген сәттен бастау алған.

Жалпы есірткіге тәуелділік – есірткіні күнделікті пайдалану нәтижесінде туындайтын ауыр дерт. Бұл дерт қазіргі уақытта адамның жынысын, жасын таңдамай таралып жатыр. Есірткіге тәуелділік ең  бірінші қызығушылықтан туындаса, кей жағдайда отбасындағы балаға, жалпы қоғамдағы ақпараттың дұрыс берілмеуінен де өміршеңдікке ие болуда. Есірткі –  адам өміріне психологиялық және физикалық тұрғыдан тікелей тез әсерете отырып, өмірлік құндылықтардан айырылып қалуға бастайтын қауыпті жол. «Бір рет  қана көремін» деген бір сәттік арам ой, адамды жіпсіз байлап мәңгілік құрдымға ұшыратады.

Есірткіге бастар жол әрқилы болғанмен ғалымдар бұл дертке үш түрлі себеппен ұшырауы мүмкін деген ақпарат айтады:

  1. Психикалық қысым;
  2. Физикалық қысым;
  3. Қоғамның әсері (социум).

Заман секунд сайын дамып жатса, бұл дерттің таралуы да күн санап артуда. 2020 жылдың соңғы 10 айында Қазақстан бойынша  1950 нарко-қылмыс тіркелген, соның ішінде ел аумағына есірткіні өткізу ісі 1123, ал контрабандалық жолмен 87 іс заңсыз жүзеге асқан. Елімізде есірткі қолдану мөлшері 3 тоннаға артып 22,5 килограммды құраса, синтетикалық түрі 90 килограммға жеткен деп жариялайды Liter.kz сайты.

Әрине құлағымызға түрпідей тиетін бұл тақырыпта көп әңгіме өрбіткіміз келмейтіні рас. Бірақ ата-бабамыз айтпақшы «ауруын жасырған өледі». Қоғамның өзекті проблемасы үстіртін ғана ескерілмеуі керек. Ақпараттан әрекетке көшетін уақыт жетті. Біз, жастар, шынымен осы бірқатерлі дертке қарсы тұрғымыз келсе жұмыла күш жинап, күресуіміз қажет. Осы тұста әрбір адам өзгерісті өзінен бастасын деген ойды ұстанғанымыз жөн деп білемін. Еліміздің барлық аймағында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастауымен түрлі шаралар өтіп, операциялар жүзеге асып жатыр. Жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білу, олардан сақтану жолдарын дұрыстаңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білу  әр адамның  өз қолында.

Дені сау ұрпақ – Дені сау мемлекет!

Авторы:Лаура Рахимбай

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Есірткіге жол жоқ!

Авторы: 02.12.2020
Жоғары