Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайтын болды – Жақсы Ақпараттар Сайты
Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайтын болды

Жаңалықтар

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайтын болды

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайтын болды

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі.

«Бұл құжат жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделеді. Аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау ұсынылады», – деді мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Сонымен қатар, бұл түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.

Заң жобасында жол салушыларды жолға байланысты құрылыстарды алдын ала келісуге және оларға сараптама жүргізуге міндеттейтін нормалар ескерілді.

«Шығарылған уақыты 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы мемлекеттік тіркеуге тыйым салу ұсыналады», – деді депутат.

 

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Есірткіге жол жоқ!

Авторы: 02.12.2020
Жоғары