Алматыда Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған арнайы жоба өтеді

1049

«Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолдауымен және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған 16 тамыз «Астана – Арман қала» атты арнайы жобаның болатынын xабарлаймыз.
Жадыраған жаздың соңғы айына жоспарланған «Жайдарман» ойындарын сағынған көрерменге риясыз күлкі сыйлайтын әзілкештеріміз республикамыздың түрлі облысынан жиналмақ.
Арнайы жоба Алматы облысы Талғар ауданы Ой-Қарағай шатқалының таза ауа аясында өтеді.