Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Жастарға арналған жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалар мен жобалар

Жаңалықтар

Жастарға арналған жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалар мен жобалар

Жастарға арналған жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалар мен жобалар

Мектеп түлектерінің арасында кәсіпті таңдау бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелерін талдау кезінде көптеген түлектер әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандықты таңдап жатады.

Қазіргі таңда жастар арасындағы жұмыссыздық ең күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандарды талап етеді. Жастар кәсіби және білікті дайындық деңгейінің жеткіліксіздігінен жоғарғы санаттағы  азаматтармен бәсекелесе алмайды. Сонымен қатар, бос жұмыс орындар санының аздығы, кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындарының қысқаруы жастардың жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне кері әсерін тигізбек. Кәсіпорындарда  лайықты қаржы ресурстарының болмауы экономиканың маңызды салаларын дамытуға да мүмкіндік бермей жатады.

Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып көзделді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеген болатын.

Елбасының ұсынған бағдарламасы жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде табысты көрсеткіштер көрсеткені бәріне аян. Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету – халықтың әлеуметтік әл-ауқатының негізі. Елдің     әлеуетін дамытудағы маңызды шарт – қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасының жақсаруы болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсім көрсетті. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артса,  ал жұмыссыздық деңгейі 5,5 % төмендеген. Бұл дегеніміз нәтижелі жұмыстың айқын көрінісі.

Кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асуда? Бұл туралы тарқатып көрсек,

Үкіметтің 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасының аясында барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтсақ, кәсіптік білімі жоқ жастарды  2,5 жыл мерзімдік техникалық және кәсіптік оқытудан өткізу. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі арқылы жұмыссыздарды, қысқарып қалған жұмыскерлерді, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандарды 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді кәсіптік оқыту секілді үлкен жағдайлар жасалынды.  Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске жол ашып, түрлі жобалар жүзеге асырылуда.

Бүгінгі нарықта тек сұранысқа ие мамандықтарды ғана оқытады. Бұл да заман талабы. Сұранысты аймақтағы еңбек нарығының құрылымына қарай жергілікті атқарушы билік анықтайды. Мәселен, 2017 жылы адамдардың басым бөлігі яғни 27%-ы қызмет көрсету саласына икемделсе,  тамақтандыруды ұйымдастыру 16%-ды құраған.  Ал,жеңіл өнеркәсіп 9% және техникалық мамандықтарға 23%-ға жуығы  оқытылған.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен бағдарламаға қатысушылардың арасында кең таралған бес мамандық:

Аспазшы (8796 адам оқытылып, 8472 адам оқуды аяқтады, 59% жұмысқа орналасқан);

Тігінші (5759 адам оқытылып , 5611 адам оқуды аяқтаған, 58,5% жұмысқа орналасқан);

шаштараз (5631 адам оқытылып, 5375 адам оқуын аяқтаған, оның 60,1% -ы жұмысқа орналасып үлгерген);

Газ-электр дәнекерлеуші (4529 адам оқытылып, 4204 адам оқуын аяқтаса, 67,2% жұмысқа орналасты);

Тракторист-машинист (4179 адам оқытылып, 4001 адам оқуын аяқтап, 73%-ы жұмысқа орналасқан).

Қорыта айтқанда, қазіргі уақытта жұмыссыздық шеңберінде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновацияға көшуді пайдалы жағынан дамыту керек. Бұл бағдарлама жастарды жұмыспен қамтуда айтарлық нәтиже көрсетіп, өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар, еңбек нарығына жұмыс күшінің қуаттануына, еңбек ресурстарындағы сапа мен экономикалық белсенділікті арттырудың жаңа әдістерін жасауды және іске асыруды талап етпек.

 

 

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары