Алматы облысы туралы

2698

Алматы облысы — Қазақстан Респуликасының қазіргі оңтүстік шығысындағы облыс. Алматы облысы 1932 жылдың 20 ақпанында құрылды. Орталығы Алматы қаласы болып белгіленді. 1944 жылдың наурыз айында оның құрамынан Талдықорған облысы 11 ауданмен бөлініп шықты. 1957 жылдың соңында Алматы және Талдықорған облысы бірігіп, 1967 жылы Талдықорған облысы қайта бөлініп шықты. Екі облыс  – Алматы және Талдықорған  соңғы рет  1997 жылы бірікті.

Облыс құрамына 16 аудан және облыстың қарауына жататын 3 қала (Талдықорған, Қапшағай, Текелі) кіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» 2001 жылғы 14 сәуірдегі №585 Жарлығына сәйкес облыс орталығы Талдықорған қаласы болды.

Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар.

Облыс халқының саны 2009  жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша 1691,5   мың адамды құрайды. Өңірде 103 ұлт пен ұлыстың өкілі бар.

Алматы облысы – ертеден Жетісу деп аталатын қазақ жерінің әйгілі өлкесі. Алматы облысы Қазақстанның мына аудандарымен: батысында Жамбыл облысымен, солтүстік батысында Қарағанды облысымен шектеседі, солтүстік шығысында Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Облыс құрамына 1997 жылы бұрынғы Талдықорған облысы кірді. Облыстың шығысы ҚХР-мен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен (Шу және Ыстық көл облыстарымен) шектеседі. Облыс айтарлықтай күрделі географиялық сипатқа және сан алуан рельефтерге ие. Солтүстік бөлігі жартылай елсіз дала, Балқаш көліне қарай ығысады және ежелгі Іле өзенінің арнасы қиып жатыр, олардың ең кереметі — Бақанас. Жеке екі сілем бар — оңтүстігінде және шығысында — тау жоталары созылып жатыр: Жетісу Алатауы және Жоңғар Алатауы (Тянь-Шань таулы жүйесі). Олардың жапсарында ақырындап төмендейтін баурайы мен Іле өзенінің орташа арнасы орналасқан. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап.

Тау етегіндегі аудандар үшін дала өсімдігі жайқалып тұрады, тауға қарай беттегенде  жапырақты орманды қылқан жапырақтылар ауыстырады. Жануарлар әлемі көптеген биологиялық түрлермен толыққан: сүтқоректілердің   24 түрі, құстың -35 түрі кездеседі, жорғалаушылар мен балықтар ерекше қорғауға алынған және Республиканың Қызыл кітабына кіргізілген.

Алматы облысы аймақтық аграрлық бағытқа жатады. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы –  Алматы қаласына жақын орналасуы маңызды фактор болып табылады.