Қызылорда облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті

1632

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 4 маусым күні сағат 19.00-де Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті.

Сайысқа аудандар мен қала орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынынан құралған 5 команда қатысты.

Атап айтар болсақ:

1. Қорқыт ата атындағы ҚМУ – «ҚМУ құрамасы» командасы;

2. Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжі – «ҚГЭК құрамасы»;

3. Абылайхан атындағы жоғары колледжі – «Абылайхан құрамасы»;

4. Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – «Қоғалыкөл құрамасы»;

5. Байқоңыр қаласы – «Байқоңыр құрамасы»;

Қатысушылар 3 кезең бойынша (сәлемдесу , жамбыату және жұлдызды көрініс) бақ сынасып, үздік деп танылғандар жеңімпаздар атанды.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орын – Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – «Қоғалыкөл құрамасы»; 2 орын – Абылайхан атындағы жоғары колледжі – «Абылайхан құрамасы»; 3 орын – Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжі – «ҚГЭК құрамасы»; және арнайы алғыс хаттармен Қорқыт ата атындағы ҚМУ – «ҚМУ құрамасы» командасы мен Байқоңыр қаласының – «Байқоңыр құрамасы» марапатталды.