Алматы облысының 50 бүркітшісі ЭКСПО-2017 қонақтарына өнер көрсетеді

1774

Елордадағы Алматы облысының мәдени күндері аясында  14-15 шілде «Қазанат» спорт кешенінде Ұлттық спорт түрлерінен ойындар ұйымдастырылып, бүркітшілер сайысы өтеді.

«Қазақстанда 70 бүркітші болса, оның 50-і аталған облыстың тумасы. Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарының бүркітшілері ЭКСПО-2017 көрмесіне келген қонақтарды өнерімен таңқалдырмақ»,- деді   Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Алматы облысының мәдени күндері Астана қаласында» атты тақырыбында болған баспасөз жиында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы  8-9 шілде аралығында облыстың ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетінін хабарлады. 40 кәсіпорын қатысатын көрмеде 4 тонна табиғи-таза өнім қойылады. Шілде айының 11-15 аралығында Алматы облысының өнер ұжымдары мен қолөнер шеберлерінің  өнерін тамашалауға болады.