200 бала Алматы тауларын аралады

1853

«Туған елге саяхат» жазғы лагерінде демалып жатқан 200 бала Алматыға келді.

Айта кету керек,  «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен өзге де демеушілер оқуда үздік балалар үшін рельстегі лагерь ұйымдастырған болатын. Саяхат барысында республиканың түкпір-түкпірінен жиналған балалар Қазақстанның барлық көрнекті орындарын аралап шықпақ.

Бүгін пойыз Алматыға жетті. Оқушылар «Медеу» мұз айдынын тамашалап, аспалы жол арқылы Шымбұлаққа барды.

«Балаларға Алматының флорасы мен фаунасы, мұздықтар, қоршаған орта туралы айтып бердік. Бұл оқушылардың көпшілігі қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бойынша шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары екен. Оларға биіктіктің адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы эксперимент көрсеттік. Атап айтқанда, пластик құтыны биіктікте ашып-жауып, Медеу стансасына келгенде оның қалайша мыжылып қалғанын көріп,  балалар таң қалысты. Балалар қазақстандық альпинистер туралы танымдық ақпарат алды», – деді «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортынан.