Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

3D МОДЕЛЬДЕУ: 3D ҚАЛАМ ЖӘНЕ 3D ПРИНТЕР

Жаңалықтар

3D МОДЕЛЬДЕУ: 3D ҚАЛАМ ЖӘНЕ 3D ПРИНТЕР

3D МОДЕЛЬДЕУ: 3D ҚАЛАМ ЖӘНЕ 3D ПРИНТЕР

3D модельдеу немесе үш өлшемді нысан жасау қазіргі уақытта әлем бойынша тез қарқын алып келеді. Ол кез келген салада қолданылуымен тиімді әрі сұранысқа ие. Түрлі ғимараттарды осы әдіспен модельдеу арқылы құрылыста қателік жібермей, әр қадамды нақты жоспарлауға болады.

Үш қатпарлы модельдеуде сайттар мен бағдарламалардан бөлек арнайы қалам мен принтерлер қолданылады. Бұл құрылғылар арқылы түрлі заттарды жасауды игеріп алғаннан кейін ғылымға үлес қосып жүргендер де көп. Астанадағы мектептерге 3D құрылғыларды енгізіп жүрген Әсет осы арқылы балаларды технологияға қызықтырып қана қоймай, сол бағытқа икемдеуге болатынын айтады.

Әсет АҚШАБАЕВ, 3D құрылғыларының дистрюбитері

Кез келген бастаманы ең бастапқы бірінші қадамы осы 3D модельдеу арқылы адам толығымен өзінің ой-өрісін, өз фантазиясын сол 3D модельдеуге салып, көріп, жасап біткеннен кейін екінші қадам оны іске асырады. Дәл солай заман талабына сай біз өз оқушыларымызды, өзіміздің кішкентай бүлдіршіндерімізге осы 3D модельдеудің ең бастапқы деңгейін үйретудеміз.

3D қалам – бала үшін шынайы әлемді танып білудің әдісі. Ол қиялындағы затын сонымен бейнелеп, әрбір бөлшегін өз қолымен жасап үйренеді. 3D қаламда сияның орнына 3 миллиметрлі пластик қолданылады. Пластик сұйықтық ретінде қаламнан шыққаннан кейін тез арада қатып, суретті 3D бейнеде салады. Қаламсаптың салмағы – небәрі 200 грамм. Онымен тегіс жерде сурет салу ешқандай машықты талап етпейді. 5 сынып оқушысы Ермұхаммед осындай қалам арқылы әр түрлі заттарды жасап шығаруға әуес.

Ермұхаммед ҚАНАТБЕКҰЛЫ, №58 мектептің 5-сынып оқушысы

3D қаламмен мен мектепте және үйде жұмыс істеймін. Мен осы 3D қаламмен  әр түрлі фигураларды жасаймын. Куб, параллелепипед және де тұрмысқа керек заттарды жасаймын. Менің қиял ғажайыбым дами бастады. 

3D принтер суретті үш өлшемді етіп шығарады. Ол кез келген затты алдын-ала тапсырма беру арқылы өзі автоматты түрде жасайды. Объектінің шынайы түріне сәйкес келетін нысанын жобалау және жасау осы принтер көмегімен орындалады. 3D қалам және принтер құрылғылармен жұмыс істеп үйренген оқушылар болашақта hi-tech саласына қажет құрал-жабдықтарды ойлап табуы әбден мүмкін.

Сымбат Жанатқызы Төлекбергенова,

журналист

 

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары