Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

«KIELI MEKEN – QYZYLORDA» атты Халықаралық жайдарман фестивалінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жаңалықтар

«KIELI MEKEN – QYZYLORDA» атты Халықаралық жайдарман фестивалінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«KIELI MEKEN – QYZYLORDA» атты Халықаралық жайдарман фестивалінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қызылорда облысы әкімдігі мен облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 маусым күні сағат 19.00-де Н.Бекежанов атындағы драма театрында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «KIELI MEKEN – QYZYLORDA» тақырыбында халықаралық жайдарман фестивалі болып өтті.
Сайысқа республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген өзге өңірлерден 5 команда және шет елдік 5 команда қатысты.
Тартысты өткен сайысқа бағасын берген әділ қазылар алқасының құрамында сатирик Көпен Әмрібек, «Әзіл әлемі» театрының әртісі Қанат Әлжапбаров, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының орынбасары Ержан Байтілес, халықаралық деңгейдегі суретші Койлакаев Алибек және бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қоңқабаев Қамшыбек болды.
Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясымен Батыс Қазақстан облысының «Грант» командасының мүшесі Халиуллин Елжан, жүлделі ІІІ орын – Алматы қаласының «Юсуф Мироғлұның қарындастары» командасы, жүлделі ІІ орын – Қарақалпақ елінен келген «Тұран» командасы және жүлделі І орын – Түркістан облысының «Шымкент құрамасы» командасы иеленді.
Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары