Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі

Жаңалықтар

Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі

Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі

Тәуелсіздік алғаннан кейін ұстанған сарабдал саясатының арқасында Қазақстан Орта Азияның көшбасшысына айналды. Даму даңғылының қазақстандық моделінің көмегімен еліміз посткеңестік елдерден оқ бойы озғаны ақиқат.Елбасының әр жылғы Жолдауы осы жетістіктердің кепілі.

Биылғы Жолдау – заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын маңызды құжат екенін тағы бір рет дәлелдей түсті. Бұл бас құжатта жүктелген міндеттер бойынша аудан əкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Елбасының жаңа Жолдауын талқылап, жиналған қауымға жүзеге асыру жолдарын түсіндірді.

Жиын барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған басты мәселелерді атап өткен облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы əлеуметтік салада атқарылатын ауқымды жұмыстарға баса назар аударып, алдағы уақытта облыс көлемінде жүргізілетін  тың өзгерістермен таныстырды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтарың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жалпы қарапайым халық үшін тиімді жақтарын түсіндіру керектігі айтылды. Сонымен қатар, «ІТ- саласының» жаңа мүмкіндіктерін келешек ұрпаққа жол ашу арқылы алпауыт мемлекеттердің алдында еліміздің беделін, абыройын көтеру керектігі басты назарға алынды.

Партия жұмысында да, жаңғыру толқыны болғаны жайлы баяндамашы сөз етіп, жаңа партиялық жобалар аясында жасалатын жұмыс жоспарлары таныстырылды.  Аудан тұрғындарымен кездесуге аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, аудан əкімі Марат Мелісұлы, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Төлеуұлы және мәслихат хатшысы Қадыр Сəкенұлы қатысты.

Айта кетсек, кездесуде жаңадан тағайындалған аудандық филиал төрағасының жұмысына “Нұр Отан” партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары