«Jas Otan» ЖҚ жаңа Төрағасы сайланды

1295

 

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында «Nur Otan» партия Төрағасының Бірінші орынбасары М. С. Әшімбаевтың төрағалығымен «Jas Otan» ЖҚ Орталық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында ұйым Төрағасы Данияр Сүндетбаевтың шетелде білімін жалғастыруына байланысты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданып, ұйым Төрағасы лауазымына жастар қанатының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің кандидатурасы ұсынылды.

Кеңес мүшелері бірауыздан Д. Кәрібектің кандидатурасын қолдап, «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы қызметіне тағайындады.

Д. Кәрібек «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, PhD докторы, ағымдағы жылы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі болып сайланған.

Jas Otan