Биыл Алматы облысында 30 лагерь жұмыс істейтін болады

1802

Биыл Алматы облысында «Нұрлы жаз-2017» жазғы маусымы шарасы барысында 30 лагерь жұмыс істейтін болады.

Солардың бірі «Арман дала» сауықтыру лагері салтанатты түрде өз жұмысын бастады. Әр лагерьде балалардың жан-жақты дамуына және салауатты өмір салтына дағдылануларына бағытталған бағдарламалар әзірленген.

Нұрсұлтан Нұрланбеков, оқушы:

– Осы лагерьге екінші рет келіп тұрмын. Осы жақта күшті вожатыйлар, сосын балалар жақсы. Достарым да бар. Бұрынғы лагерге келген достарым да бар. Демалыс орындарындағы негізгі мақсат – баланың ой өрісін дамыту, мәдениетін арттырып, шығармашылыққа баулу. Спортта, туризм мен өлкенатуда түсінік-танымын кеңейту. Сонымен қатар лагерь өкілдері арасындағы бала тәрбиесі мен  демалысты сапалы  ұйымдасытру ісінде тәжірибе алмасу.

Жақсылық Омар, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

– Биыл 30 мыңға тарта аз қамтылған отбасылардың балалары осы жазғы лагерлерде дамалатын болады. Үшінші мәселе біздің облысымыздың 5 мың баласы Експоны тамашалап, Астанаға жол татартады. Бұған облыстық бюджеттен 250 млн теңге қарастырылды. Ертеңнен бастап сол балаларымыз Астанаға сапарларын жасайтын болады.

Облыстағы «Нұрлы жаз-2017» балалардың кезекті демалыс маусымының ашылуы жағымды жаңалыққа толы.