Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

«Цифрлы Қазақстан»: Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшпек

Жаңалықтар

«Цифрлы Қазақстан»: Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшпек

«Цифрлы Қазақстан»: Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшпек

Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Бірақ қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі қиын. Шетелдің дамып кеткен өнімдеріне тамсанып, “бізге өсу керек” деп отыра беретін болсақ, бүгінгі күйімізден де жаман құлдырап кетуіміз мүмкін.

Сондықтан болар биыл еліміз негізгі басымдықты цифрландыруға қарай бұрды. Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. Елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру.Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

Қарап отырсақ, бұл жұмыстардың барлығы атқарылып жатыр.  Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Мұның барлығы санды технологияны ендіру үшін жасалған қадамдар болатын. Алғашқыда тек байланыс құралдары үшін қолданылған қолақпандай телефондар бірте-бірте айфон, айпад, смартфондарға ауысты. Бүгінде ұялы телефоныңыз тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар, интернет желісіне еркін қосылатын компьютер іспетті. Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» теле-радиохабар тарату желісі іске қосылып, отандық арналардың аудиториясы кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті. Нәтижесінде республикамыздың әрбір аймағынан хабар тарататын облыстық телеарналарды еліміздің кез келген өңірінен көруге болады.

Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Аталмыш, бағдарлама бойынша 2019 жылдың екінші жартысынан бастап Алматы облысының барлық аудандарында аналогтық телевизия өшіріліп,  цифрлық эфирлік хабар тарату жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз – мәслихатында белгілі болды.

Ағымдағы жылдың  22 қазанында еліміздің бірқатар облыстарында ЦЭХТ енгізудің бірінші кезеңі басталып кеткен. Осыған орай бірінші өшіру жұмыстары Маңғыстау облысында сәтті аяқталып жыл соңына дейін Жамбыл, Түркістан, Шымкент облыстарында жоспарланған.

«Қазтелерадио» АҚ филиалы Алматы Облыстық РадиоТелехабар Тарату Дирекциясының директоры Қайсар Раздықовтың айтуынша цифрлық телевизияда бүгінгі таңда 10 арна болса, болашақта оның саны 30 дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Сандық хабар таратуға көшу бойынша бізде белгілі бір уақыт аралығында өшіру кестесі жасалған. Алматы облысында бұл процесс 2019 жылдың ортасында басталады. Алайда, аймақ тұрғындарынан өшіру жұмыстарын күтпей, осындай хабар таратуға көше берулерін сұраймыз.   Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғаларға келетін болсақ, тегін қосу туралы өтініш жыл басынан 10 620 отбасы тіркелген. Оның 4 867-і бұл қызмет түрін алса, 3689-і қызметтен бас тартты. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қалған 2064 тұрғындарына қосылады және сапалы арна саны 30-дан асатын болады», – дейді ол.

Айта кетсек, заманауи цифрлық хабар тарататын құрал құны 5000 теңгеден 3500 теңгеге дейін арзандаған.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары