Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Татарстан бөлімі ашылды

Жаңалықтар

Татарстан бөлімі ашылды

ЭКСПО – 2017 көрмесінің Ресей Федерациясы ұлттық секциясында Татарстан бөлімі ашылды. Оған Татарстан Республикасының Президенті Рустам МИННИХАНОВ арнайы келді. Салтанатты шараға «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ пен облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты.

– Бұл әлемдік деңгейдегі оқиға. Астанаға бүкіл әлем назарын тігіп отыр. Энергия мәселесі – өмірдің барлық қажеттіліктері үшін аса маңызды. Мұнда ең заманауи технологиялар мен әдістер жиналып отыр. Әрине, жоба ауқымды әрі күрделі. Жарты жыл бұрын осында келгенде Ахметжан Есімов маған құрылыс пен дайындық жұмыстарын көрсеткен еді. Соңғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың барлығы – ғасырлар бойы мақтануға тұрарлық бірегей ескерткішті тұрғызған адамдардың орасан зор еңбегі. Мұның барлығы Қазақстан халқы үшін қызмет ететін болады, – деді Рустам Минниханов.

Сөз кезегінде «ЭКСПО – 2017» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бауырлас Татарстанмен ежелгі тарих байланыстыратынын және екі елдің тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті.

Шараның салтанатын арттыру үшін Татарстан Республикасының Мемлекеттік ән-би ансамблі өнер көрсетті. Айта кетерлігі, Татарстан көрмесінің көрерменін ерекше қызықтыратыны анық. Себебі, онда интерактивті және мультимедиалық жабдықтар арқылы Татарстанның 15-ке жуық ірі компаниялары таныстырылған.

Еске сала кетсек, биыл наурыз айында Татарстан Республикасы Менделеев муниципалдық ауданының басшысы В. Чершинцев бастаған ресми делегацияның Панфилов ауданына жасаған сапары барысында екі аудан арасында достық қарым-қатынас туралы келісімге қол қойылды. Сол делегацияны облыс әкімі Амандық Баталов арнайы қабылдап, қос тараптың ортақ дамуы туралы әңгіме өрбіткен болатын. Міне, сол бастама Астана төрінде тағы да жаңғырды.

Татар мәдениет бөлімінің ресми ашылуынан кейін Татарстан Республикасы мен Алматы облысының делегациясы кездесіп, қос тараптың алдағы уақыттағы жұмыс жоспары туралы пікірлесті. Кездесу барысында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов пен облыс әкімі Амандық Баталов Қорғас шекара маңы ынтымақтастығын дамыту аясындағы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, бауырластықтың одан ары нығая түсуі үшін екі тарап бір-бірін қонаққа шақырды. Демек, екі жаққа да тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта өз жемісін беретін болады.

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары