ЖАС ОТБАСЫЛАР МЕН БАЛАЛАР САЙЫСЫ ӨТЕДІ

5118

Қызылорда Облысының Жастар Басқармасы қолдауымен «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі мен өңіріміздегі жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 23 – 27 шілде күндері аралығында облысқа қарасты Байқоңыр қаласы мен 7 ауданда жас отбасыларды қолдауға бағытталған «FAMILY CUP» интеллектуалды онлайн марафоны өткізіледі.

Талаптары:
• Шараға 35 жасқа дейінгі өңіріміздің барлық жас отбасылары қатыса алады;
• ZOOM бейне байланыс месенджері арқылы байланысқа шығу;
• тұрғылықты мекен жайына байланысты өз ауданында өткізілетін шараға қатысу (афишаларда әр ауданда өткізілетін шараның нақты уақыты белгіленген);
• 22 шілде 2020 жылдың сағат 19.00-ге дейін тіркелу.

Жеңімпаздарды қорытынды ұпайға сәйкес (бас жүлде және тағы да 2 марапат) бойынша диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін
8 775 391 28 27 ұялы телефонына немесе аудандық жастар ресурстық орталықтарына хабарласуға болады.

БАРЛЫҚ ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!