Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық жайдарман фестивалі өтуде

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық жайдарман фестивалі өтуде

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық жайдарман фестивалі өтуде

“Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы” ММ мен “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық жайдарман фестивалі өткізілуде.  Үш күнге созылған фестивалдің алғашқы күнінде қатысушылар ашылу салтанатына жиналып, Жастар сарайында арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалады.

Түркі тілдес елдерден келген қонақтардың, қазақстандық жайдарманшылардың және әкімдік өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты кешті белгілі жайдарманшылар Ғалымжан Кеңшілік пен Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Шара барысында әр елдің жастары бір-бірімен жақыннан танысып, сахнадағы бәсекелестеріне сәттілік тілеумен тарқасты.

Сондай-ақ, 2-күні де қызыққа толы болды. Әр елден жиналған қатысушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара жоспар бойынша қонақтарды Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы зәулім ғимараттарын аралатып, таныстырумен  басталды. «Бәйтерек» пен «ЭКСПО» кешендерін, Ұлттық музейді  және мәдени ғимарат саналатын театрды тікелей тамашалады. Бұл экскурсия қазақ халқының салт-дәстүрлері дәріптеліп, тарихына көз жүгіртіп, мәдениет және әдебиетінен сыр шертуге сеп болды.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары