Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Жастар саясаты мәселелері басқарма басшыларының онлайн жиналысы өтті

Жаңалықтар

Жастар саясаты мәселелері басқарма басшыларының онлайн жиналысы өтті

Жастар саясаты мәселелері басқарма басшыларының онлайн жиналысы өтті

Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен әр облыстың Жастар саясаты мәселелері басқарма басшыларының онлайн жиналысы өтті.

Республика бойынша жастар мәселелері басты назарға қойылып, өзін-өзі басқару ұйым белсенділерінің тарапынан ұсыныстар мен өтініштер айтылды. Астана қаласының Жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов республика көлемінде студенттік басқару ұйымдарының белсенді көшбасшыларының форумын өткізуді ұсынды.

Басты мақсат:аймақтардағы ара-қатынасты нығайту, өзара бірлесе жұмыс істеу үшін достыққа шақыру. Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша бірінші курс студенттерін “Жаңа белес” атты мерекелік қабылдау кешін өткізу жоспары талқыланды.

Бүгінгі таңда студент жастардың өзін-өзі басқару ұйымдары креативті іс-шаралар мен маңызы зор, игілікті істерді қолға алған. Жалынды жастық шақтың әр сәтін қызықты әрі пайдалы өткізу үшін жоғарғы оқу орындарының белсенді студенттерінің еңбегі ерен.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары