Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Жазғы фестивальдің жеңімпаздары анықталды

Жаңалықтар

Жазғы фестивальдің жеңімпаздары анықталды

Жазғы фестивальдің жеңімпаздары анықталды

Жастар жылы барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Қазақстан КВН Одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырған жазғы фестиваль.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестиваліне еліміздің әр аймағынан  өнер көрсетуге ниетті топтар саны жыл санап артып келеді. Биылғы сайысқа Жоғары лигада бақ сынап жатқан жайдарман жұлдыздары мен  жас командалардан құралған 15 топ қатысты. Өнерлері мен тапқырлықтары тең түскен жайдарман топтарына Дана Нұржігіт, Бақтияр Артаев, Дәулет Кәрібек, Бақтияр Мәкен, Ерлан Аңдасбаев есімді тұлғалар қазылық етті.

  • Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясының құрамасы – «Маңғыстау.kz»
  • «Медиум» Тараз қаласынан
  • «Квартал» Орал қаласы
  • «Қазақпыз ғой» Павлодар қаласы
  • «АҚ құрамасы» Семей қаласы
  • «Бренд» Қостанай қаласы
  • «Әуезов құрамасы» Семей қаласы
  • «Сарыарқа құрамасы» Нұр-Сұлтан қаласы
  • КазАТК – Алматы қаласы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
  • «Грация» Нұр-Сұлтан қаласы
  • «Жарлыөзек» Алматы облысы
  • «Эконом класс» Ақтөбе қаласы
  • «Мед универ» Семей қаласы
  • «Дарын» Қостанай қаласы
  • «Қазалы» Қызылорда облысы

Осы аталған жайдарман топтарының өнерлеріне оң баға беріліп, жеңімпаздар анықталды.

 Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде яғни екінші орын елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейде алғаш рет сахна төріне шыққан  Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы «Жазғы фестиваль жеңімпаздары» атанып, үлкен кубокті иеленді. Халықаралық жастар күніне арналған сайыс жоғары деңгейді өтіп, осылайша жас командалардың жайдарман әлеміндегі қанаттарының кеңге жайылуына мүмкіндік берді.

Бөлісу:

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары