Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Iphone X: болашақты қарсы ал!

Жаңалықтар

Iphone X: болашақты қарсы ал!

Iphone X: болашақты қарсы ал!

2017 жылдың 12 қыркүйегінде Apple фирмасы A11 Bionic процессорымен жұмыс жасайтын жаңа iPhone X-ті таныстырды. Оның жедел жады 3 Гб және ішкі жады 256 Гб-қа ие.  Смартфон дисплейі 5,8 дюймалы Super Retina (Apple-де алғашқы рет). Apple-дың жаңа смартфоны Home үйреншікті батырмасын виртуальды түріне ауыстырды. Айта кетейік, ол батырма 2007 жылдан бері барлық iPhone смартфондарында болған еді.

Ал енді блокқа қою үшін адамның бет-әлпеті мен көз қарашығы пайдаланылады. Телефон толықтай әйнектен жасалған.

Гаджет сатылымға 3 қарашадан бастап шығатын болады. Бағасы 999 АҚШ долларынан басталады.

Одан өзге, Apple компаниясы өзінің Apple Watch атты ақылды сағаттарының жаңа үлгілерін және iPhone 8, iPhone 8 Plus-ті таныстырды. Бұл үлгілердің iPhone 7-ден ерекшелігі: сымсыз қуат көзі.

iPhone X-ті таныстыру рәсімі алғашқы рет Стив Джобстың театрында өтті.

Авторы: Қарлығаш Курамысова

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары