Алматы облысындағы ең ірі түйе өсіру қожалығы агротуризмді дамытпақ

3249

20 жылда түйе басын 5000-нан асырған ірі «Даулет Бекет» шаруа қожалығы агротуризімді дамытуды қолға алмақ. Өз кәсібін бір бас түйемен бастаған  Іле ауданының тумасы Сыдық Дәулетов бүгінде Қазақстанның ең ірі қожалық басшысы.

Аумағы 28800 г жерде орналасқан қожалық  климаты түйе өсіруге ең  қолайлы шөлейтті жерде орналасқан. Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Күнделікті нормада 200 тоннадан астам  өнім ішкі нарыққа шығарылса, алдағы  үш жылда түйе санын 15 мыңға жеткізіп сыртқы нарыққа көшу жоспарлануда.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан күнгі жолдауында «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру» жөнінде тапсырма берді. Негізгі міндет ретінде  – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту әрі мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға және ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн деп баса айтты. Елбасы тарапынан шаруашылығын енді бастап келе жатқан кәсіпкерлерге берілген үлкен мүмкіндік.

СССР кезінде Қазақстанда 1 миллион 200 мыңнан астам түйе болған. Қазір елдегі түйе 160 мыңға дейін азайып кеткен. Қазақтар жүк артса – көлік, еті – азық, шудасы – киім, шұбаты – шипа түйені төрт түліктің төресіТүйе шаруашылыға ата кәсіп. Оны дамытуға қызығушылық кейінгі жылдары артып келеді. Оған  дәлел түйе малын көріп, оның шұбатымен емделуге тек қазақстан аумағынан ғана емес   шет елденде ағылап келеді. Атап айтқанда Қытай халық республикасы, Германия, Ресей, АҚШ, Автралия және тағыда басқа. Оларды қызықтыратын басты фактор ол шұбаттың емдік қасиетті. Аудан орталығында шұбатпен емдейтін шипажай ашылып, қазірде 50 адам ем алуда.

«Басында малды өзім бақтым, алайда шаруашылық үлкейгенде  көмекші керек болды. Қазіргі кезде қожалықта біршама адамды жұмыспен қамтып, кеңеюдеміз. Келесі жылы  кәсіпті жан жақты яғни агротуризм, денсаулық сақтау, сыртқы нарыққа шығу, әлемдік стандартқа сай жұмыс жасау жағынан дамуды жоспарлап отырмыз» -, деді  ЖШС «Даулет Бекет» шаруа қожалығының басшысы С.Д.Әбуұлы.

2009 жылы салынған «Дәулет Бекет» сүт зауыты бір тәулікте 10 тонна сүт өндіріп, 100% табиғи тауар шығарады. Зауыт  2014  жылы қожалық «Халал», «Organic» сертификаты табысталса, 2015 жылы «Халықаралық сапалық жүйесі ИСО 9001, ИСО 22000» іске қосылған. Отандық түйе өнімдеріне шұбат, сүт, құрт, балқаймақ, йогурт, түйе еті мен жүн кіреді. Аталған өнімдер қазақстанның әр облысымен ірі қалалардың сауда орталықтарында және шет елдерде де сатылады.

Сондай-ақ, шалғай далада жайылатын түйе малы  120 түрлі шөп жеп, бойына әр түрлі витаминдер сіңіреді. Осындай жағдайда жайылған түйе  шұбатының емдік қасиетін денсаулық сақтау жүйесінде жоғары бағалап отыр. Ол созылмалы гипатит, гастрит, псориаз, қант диабеті, аутизм, аллергия, туберкулез ауруларын емдейді.

Айта кету керек, алдағы жылы шаруашылық кешенінде агротуризмді дамыту үшін зауыт алдына 50 шақты қазақ үйлер тігіліп, әр түрлі бағдарламалар ұйымдастырылмақ.