Наиль Салахов: Өзге елдің сахнасында өнер көрсету –  үлкен жауапкершілік

Жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық жайдарман сайысы биыл да өз мақсатын орындады. “Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы” ММ мен “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған ойынға келушілер саны да көп. Бір сахна төрінде әртүрлі ұлт өкілдері бірігіп өнер көрсеткен жобаның маңыздылығы да артып келеді. Көрермендер де, қатысушылар да ойыннан алған әсерлерін жасырмады.

2767

Солардың бірі Татарстаннан арнайы келіп, «Үздік ойыншы» атанған жайдарманшы, «Татарстан құрамасының» ойыншысы Наиль Салахов:

– Өзге елдің жайдарман сахнасында өнер көрсету –  үлкен жауапкершілік. Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған және жақсы өтті. Шынымды айтсам, бұл ойын үлкен тәжірибе болды. Біз өте жақсы деңгейде дайындалып келген болатынбыз. Залдағы көрермендер де жақсы қабылдады. Алайда, қазылар алқасы басқаша шешім қабылдады. Бірақ, келер сайысқа бас жүлденің иегерлері атану үшін Қазақстанға қайта ораламыз!

Сонымен қатар, биылғы халықаралық сайыста 10 команданың ішінен оза шыққан «Ноғай құрамасы» да өз пікірлерін білдірді.


«Алтын орда» РФ Ноғай ауданынан келген «Ноғай құрамасы» жайдарман тобы:

Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бізді үшінші жыл қатарынан шақырған Есен ағаға да рақмет. Бұл жолы Қазақстанға команда құрамындағы кей жігіттер келіп үлгермесе, алғаш рет келгендері тан қалғандарын жасырмады. Өйткені, мейірімді және қонақжай қасиеттерімен ерекшеленеді. Негізі, біз жеңіске жететінімізге күмәнданбадық және жеңіске жеттік. Әйткенмен, қарсылас командалардың да осал болмағанын айта кетейік. Бұл жеңісіміз жайдарман саласындағы мақсатымызды одан әрі дамытуға ынталандырды. Командамыздың атынан баршаларыңызға үлкен рақмет! Айтпақшы, ойынға қатысқандары үшін Шымкенттің «Миллион» командасына да алғыс айтамыз!