Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Алматы облысында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі 25%-ға төмендеген

Жаңалықтар

Алматы облысында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі 25%-ға төмендеген

Алматы облысында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі 25%-ға төмендеген

2017-2018 жылдардағы эпидемиялық кезеңде Алматы облысының аумағында ЖРВИ-дің 40 601 жағдайы тіркеліп, алдыңғы эпидмаусыммен салыстыру барысында сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз – мәслихатында Алматы облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов мәлімдеді.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша иммундауға жататын контингенттерді егуге қаржы бөлінеді. Қазақстанда тұмауға қарсы үш түрлі вакцина ресми тіркелген. Олар – “Ваксигрип” (Франция), “Инфлювак” (Нидерланды) және “Гриппол плюс” (Ресей). Тұмауға қарсы егу үшін осы үшеуінің кез келген біреуін қолдануға болады.Биылғы 2017-2018 эпидемиялық маусымына арнап Алматы облысының бюджетіне «СК-Фармация» ЖШС арқылы саны 280 мыңнан астам тұмауға қарсы “Гриппол” вакцинасы сатып алынды. Оның құрамында В тұмауына, A(H3N2) және A(H1N1 ) маусымдық тұмауларына қарсы штамм антигендері бар. Вакцинада иммунды жауаптың қарқындылығын жоғарылатуға септігін тигізетін адъювант бар.

«Тұрғындар арасында ЖРВИ мен тұмауға қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін мониторинг нәтижесінде 2018-2019 жылдардың эпидемиялық маусымына A (H1N1) – Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, B – Колорадо (линия B/Victoria) тұмау штамдарының айналымы болжанып отыр. Тұмаудың алдын алу үшін тұрғындардың санитарлық сауаттылығын арттырып, жеке қорғаныс құралдарын, яғни бір реттік сүлгілер мен медициналық маскаларды, залалсыздандыру құралдарын пайдалану керек. Жеңіл мазасыздық пайда болғанда тез арада дәрігерге қаралуға кеңес беремін. Жоспарлы иммундалатындардың қатарына диспансерлік есепте тұрған, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балалар, қарттар үйі мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүгедектер, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар және медицина қызметкерлері жатады. Бұл санаттарға жататындар тегін түрде егілуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, аталған санатқа жатпайтындар ақылы түрде медициналық мекемелерде екпе жасата алады»,-деді Е.Сыдыманов.

Айта кетейік, облыста тұмауға қарсы иммундау қыркүйек айының соңынан бастап жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 155 492 адам тұмауға қарсы екпе жасатқан.

Бөлісу:

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары