Пай-пай, Павлодар жастары

1128

Жастармен жұмыстың қызығы мен шыжығы мол. Елден ерекше жоба ойлап таппай, оларды еліктіру өте қиын. Бұл ретте павлодарлықтар тың тәсілдер табуға әбден ысылған. Өңірдегі жастар орталығы 2013 жылдан бері нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Әсіресе, биыл Жастар жылында жаңаша тыныс алғанға ұқсайды. Жастардың өзекті мәселелерін «Бір терезе» қағидаты бойынша шешуге бағытталған Жастар бастамаларын дамыту орталығы республикамыздағы ең бірінші орталық екенін ерекше атап өту қажет.

Бүгінде облыста жалпы саны 163 848 жас бар. Оның ішінде 74 144-ы қалада тұрса, қалғаны – аудан тұрғындары. Жастар орталығында 47 қызметкер бар. Бес бөлім жұмыс істейді. Атап айтқанда, жастарға қызмет көрсету орталығы, жастар бойынша аналитика және мониторинг бөлімі, еріктілер орталығы, ІТ-орталық және Арт-медиа орталығы. Енді бұл бөлімдердің атқаратын қызметтеріне жеке тоқталар болсақ, жастарға кеңес берумен айналысатын Жастарға қызмет көрсету орталығында жұмысқа орналастыру, жастар мен жас отбасылардың тұрғын-үй мәселелерін шешуге ықпал ету, жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу және кәсіптік бейімделу сынды төрт бағытты басты назарда ұстайды. Жұмыс берушілердің бос орындар базасын құрып, іздеушілер түйіндемесі банкі қалыптасып келеді. Соның аясында «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, «Тиімді таңдау» сыдны жобалар атқарылып жатыр. Сонымен бірге халық көп жиналған жерлерде «Көшпелі жұмыспен қамту қызметі» акциясы өткізіліп тұрады. 2019 жылдың 1 тоқсанында 1850 кеңес өткізіліп, оның ішінде 243 адам жұмысқа орналастырылған.

Көпшіліктің басты мәселесі – баспана. Әсіресе, жастардың баспаналы болуға ұмтылы басым. Қолданыстағы мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жеңілдікпен берілетін кредиттер туралы толыққанды ақпарат берілетіні құба-құп. Ресми деректерге сәйкес, бүгінде  жастар арасында тұрғын-үй алуға кезекте 16 037 адам тұр, олардың Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашылған шоттары бар. Орталық қызметінің бір бағыты  – Жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу бойынша сервис. Ақпараттық жұмыс, түсіндіру кездесулері, сондай-ақ бизнес ашу, ұйымдастыру-құқықтық нысанын таңдау, бизнес құру және жүргізу дағдыларына оқыту, осы жылға мемлекеттік гранттар бөлу, ағымдағы жылы өткізілетін стартаперлер үшін конкурстар, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде Жастар орталығы базасында мастер-кластар, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, персоналды іріктеу, бизнесті басқару бойынша тренингтер өткізіліп тұрады.

Осы жылы Жастар жылы аясында жастарды кәсіпкерлік қызметке тартуға бағытталған «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды. Оқытуға жастар, жұмыссыз жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ Павлодар облысының жастары арасынан ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысуға мүмкіндік алған еді. Есіңізге сала кетсек, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргзіліп, жастарға шағын кредиттер беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жастарға мемлекеттік грант беру мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кететін тұсы, курс тегін жүргізіледі.

Қала азаматтарының әлеуметтік-осал санаттарын қолдау аясында жас кәсіпкерлермен бірлесіп «Отбасы отбасыға көмектеседі», «Сен жалғыз емесің» акциясы бастау алған. Сонымен бірге өмірде қиын жағдайға тап болған жас аналарға арнайы акция, Made in Pavlodar жобасы іске қосылған. Кәсіптік бейімделу бойынша, жастар оқуға түсу туралы толыққанды ақпарат ала алады. Яғни қандай құжат керегінен бастап, қандай мамандыққа тапсырған жөн екені жайлы да хабардар болады. «Болашақ» бағдарламасына сәйкес оқыту бойынша әр түрлі бағытта кадрларды даярлау мен қайта даярлауды түсіндіру бойынша кеңес беріледі. Желілік матрицаға сәйкес, облыс талапкерлерінің бірыңғай базасы құрылған.

Волонтерлік қызметті жүзеге асыру орталығының базасында ерікті негізде волонтерлік қызметпен айналысатын ұйымдар жұмысы жалғастырып келеді. Қазіргі таңда облыс бойынша еріктілердің жалпы саны – 16 000 адам. Еріктілер қызметі 21 техникалық және кәсіптік оқыту орындарында және 3 ЖОО-да жемісті жүзеге асып келеді. Әлеуметтік, спорттық, арт, экологиялық, эвент және корпортативті волонтерлік секілді алты бағытта қызмет атқарылады. Ал ақпараттық технологиялар бойынша 3 бағытта жұмыс істейді: WЕВ-бағдарламалау, робототехника, компьютерлік сауаттылықты арттыру. Жастар орталығы үшін арнайы ІТ-орталықтың әзірлеушілері ресурстық орталықтар арасында республикада алғаш рет телеграм-бот құрған. Бұл телеграм-бот кез келген жастың үйден шықпай-ақ барлық маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуы үшін арнайы құрылған. Сондай-ақ, осы телеграм-ботта өткізілетін барлық іс-шаралар мен акциялар туралы білуге, қызықты үйірмелер мен клубқа жазылуға, ерікті болуға және көптеген басқа да көптеген іс-шараларға қатысуға болады.

Орталық жастардың барлық бастамасын қуана қолдайды. Соның ішінде шығармашылық ізденістерге де ашық. Мәселен, арт-меди орталықта түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Есепті кезеңдегі деректерге сүйенсек, орталық жалпы саны 20 бастаманы қолдаған. Жазда «ЖазStar» жазғы жастар Арбаты, «Жәрдем тайм» жобасы, «Start-ap жыл идеясыә және «Мой успех – успех страны» облыстық конкурстары өткізілген. Сонымен бірге New Ethno Fashion атты өңір дизайнерлерінің сәнді көрсетілімі ұйымдастырылғанын атап өту қажет. Орталық базасында жүйелі түрде Динара Сәтжан, Әлішер Елікбаев, Санди Сұлтан, Бейбіт Әлібеков, Ренат Балғабаев және т.б. белгілі блогерлер, жетекші, медиа тұлғалардың қатысуымен медиалық сауатқа оқыту жүргізіледі.

Әр түрлі санаттағы жастар үшін орталықта С корпусы жұмыс істейді. Бүгінде 10 клуб қызмет атқарады. Атап айтсақ, жапон тілі мен жапон мәдениетін оқыту клубы, 3D6 зияткерлік ойындар клубы, «Добряков» клубы, «Аккорд» (гитарада ойнау) клубы, «Робототехника» клубы, «Мафия» клубы, «Спидкубер» клубы, «Достық» клубы. Ақпараттық контент орталықтың әлеуметтік желілерінде де белсенді көрініс тауып отырады. Мысалы, Инстаграм парақшасында – 13 500, Вк – 3 184, твиттер – 1 200 жазылушы барын байқадық.

Ең қызықты, ең өзекті іс-шараларға тоқталсақ, Social media festival блогерлер мен вайнерлердің республикалық форумы, Жастар арасындағы Big ріспіс облыстық форумы, «Арбат» жазғы жастар алаңы, «Рухани tour» жобасы аясында «Ұлы далаға саяхат» республикалық экспедициясы, «РуханиСамр» облыстық жастар лагері. бар. «Ұлы даланың жеті қыры», облыстық Babystart – 2019 облыстық спартакиадасы, «Арт-волонтерлік» акциясы, «Ардагер time» жобасы, ай сайын өткізілетін Smart game интеллектуал марафоны, «Жастар уақыты» телебағдарламасы бар

Орталықтың еріктілері түрлі деңгейде жүзеге асырылған көптеген іс-шаралар мен жобаларға қатысып үлгерген. Ардагер Time-да апта сайын еріктілер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, жалғыз тұрып жатқан қарт адамдарға барып, оларға үй шаруасында көмектесіп, олармен әңгімелеседі. Аrt-Volunteers  акциясы шеңберінде еріктілер балалар үйіне, оңалту орталықтарына, қарттар үйіне барып, белгілі бір тақырыптарға олармен сурет салып, әртүрлі ойындар ойнайды. Бұл акция апта сайын ұйымдастырылып отырады. 10 қыркүйекте орталықтың автотұрағында «ҚарбызFest» атты  фестиваль өткен. Қыз-жігіттер арасында қарбыз жеуден жарыс өтіп, қарбыз көтеру сайысы болды. Сонымен бірге Павлодар қаласының шығармашыл жастары қарбыздан түрлі фигураларды кесіп, өз шеберліктерін көрсеткен болатын. Осы жылдың мамыр және тамыз айында «Еріктілер кубогы 2019» облыстық спартакиадасы өткен. Қазіргі танда орталық жастар арасында көптеген жұмыстарды атқарып жатқанына осыдан байқасақ болады. Мұндай орталықтардың көптеп ашылуы жақсы бастама болары анық. Себебі, жастар – ел болашағы.