Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

“Кәсіпкер болып туылмағаныммен, уақыт өте кәсіпкер атандым”. Жас кәсіпкермен Жәнібек Жұманәліұлы

Жаңалықтар

“Кәсіпкер болып туылмағаныммен, уақыт өте кәсіпкер атандым”. Жас кәсіпкермен Жәнібек Жұманәліұлы

“Кәсіпкер болып туылмағаныммен, уақыт өте кәсіпкер атандым”. Жас кәсіпкермен Жәнібек Жұманәліұлы

Арман  қуып  ізіне түскен, 4  жыл  меңгерген  мамандықтан, тұрақты  жұмыстан  бас тартып, мүлде  өзіңе белгісіз  кәсіпке  ауысып  кету оңай  ма?  Үлкен тәуекелді  талап  ететін  тірлік .  «Jas kasipker» жобасының  қатысушысы Жәнібек 24 жасында «жеке  кәсіппен айналысамын» деп шешім қабылдаған. Кәсібінің  кірпішін  қалап,  бәрін 0-ден  бастаған  ол бүгінде өз ісін  жолға қойған  жас  кәсіпкер.

– Жәнібек, бәрін тастап, кәсіпкерлікке ауысуыңызға не  түрткі  болды?

Арман қуып, мектеп  бітірген  соң  Алматы  қаласындағы  Қ.Сәтбаев  атындағы университетке оқуға  түстім.  Мамандығым-  мұнай-газ  ісі. 4  жыл осы мамандықты  оқып,  меңгеріп, жақсы  аяқтадым. Өзім оңтүстіктің  жігітімін.   Оқу  бітірген  соң,  мамандықпен жұмыс істеуге  деген  қызығушылығым жеңіп,  қызбалықпен Ақтөбеге кеттім.  Ол  жаққа  барып, тұрақты  жұмысқа кірдім.  Жұмыс өзім  қалалағандай мамандығым  бойынша болды. Бірақ, уақыт өте келе  жұмыстың  оңай  емес  екеніне  көзім жете  бастады. Әрине, жұмыстың  оңайы жоқ. Бірақ, бұл жұмысым қауіпті  болды. Абайламасаң, бір жеріңді  жарақаттап алуың әбден  мүмкін. Ойлана  келе, жұмыс ауыстырамын  деп шештім. Кейін  астанаға  ауыстым.  Ол жерде  де өзімді  жайсыз  сезіндім. Маған  біреудің  қол  астында  жұмыс  істеген  ұнамайтынын  түсіндім.  Содан, «жаспын ғой, бәрін  көру  керек»  деп  ойладым. Мен сол  кездегі  шешімім үшін  қазір  қуанамын.  Себебі, өзімді  кәсіпкерліктен  таптым деп айтсам болады.

Кәсіппен айналысу үшін  де  икем керек . Бағытыңыз қай салаға  қалай  бұрылды?

Бағыт таңдау көп қиындық  тудыра  қоймады. Өзімнің әкем фотогроф  болған. Сол  себептен де  болса  керек, осы салаға  қызығушылығым ерекше болды. Бәрі бірден  болған жоқ. Арыс қаласына  келген  соң, жарнама  агенттігінде жұмыс  істедім. Сол жерде қажетті  компьютерлік  бағдарламарды (PS ,CDraw) меңгердім.  Фотоға дұрыс түсіру,  ракурсты  дұрыстап  алу секілді дүниелерді  үйрене бастадым.  Біраз  бейімделіп  алған  соң, алғашқы кәсібімді аштым.

Қала шағын.  Сіздің   кәсібіңізге  сұраныс қалай  болды?

Компьютерлік және фото қызмет  көрсету орталығына   сұраныс қашан  да бар. Бұл бір  шаштараз  секілді  ғой.  Өспесе  өшпейтін  кәсіп. Дегенмен,  уақыт өте  кәсіпті  кеңейту үшін  Шымкент қаласына  ауыстым.   Халқы миллион  мегаполис  қалада  кәсіпті  жүргізу қиынға  соқпады.  Мұнда  бәсеке де,  сұраныс та көп. Шымкентке  келген  соң , мозаика  жасау  қызметін қостым.  Ол сол  уақыттарда  ең  хит  сыйлықтардың  қатарында болды. Алғашында  күніне  1-2  ғана тапсырыс  түсетін. Кейін  көбейе  бастады.  Тұрақты  клиенттер  қалыптасты. Кәсібім үлкейіп,  жақсы  жүре  бастады.  Сәйкесінше, табыс  та артты. Мамандығым бойынша  жасаған  жұмыстан  3-4  есеп  көп табыс  таба бастадым. Көп тапсырыстар  инстаграмнан  түсіп тұрды.

Әлеуметтік желілерде блог жүргізесіз. Кәсібіңіз үшін  әлеуметтік желілерді тұрақты жүргізудің  маңызы қандай?

Қазір интернет  арқылы сауда жасау,   әлеуметтік желілер арқылы  сату – бизнесті жүргізудің  ең жақсы жолы. Әрі парақша тұрақты жүріп тұрса, адамдардың  сенімі  қалыптаса бастайды.  Әрі  жақсы жарнама  алаңы.  Әлеуметтік желілер- өте  күшті құрал негізі.

Кәсіпті жүргізу көп ізденісті талап  етеді. Бастау  алған  бизнесіңізді ары қарай  қалай  дамыттыңыз?

Инстаграмда бір жарнамадан жастар жылында өз кәсібін ашам деушілерге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып отырған «Бастау» жобасы грант бөліп жатқанын көріп қалдым. Онлайн өтініш қалдырғанмын. Арыс қаласында бұл жоба бойынша бірінші лек оқып, көбі грантқа қол жеткізіпті. Мен келесі лекке арнайы тест тапсыру арқылы қабылданадым. Бірер күнде оқу да басталып кетті. #Үш апта тез өте шықты. Жақсы орта қалыптасты. Көздерінде “Сен тұр, мен атайын” деген #оты бар замандас құрдастар. Көптеген естімеген ақпараттар алдық. Өз саласында мықты атанған #кәсіпкерлер келіп кәсіп ашудың, оны жүргізудің қыр сырымен бөлісті. Өзің қателік жасай бергенше өзгенің “қателестім” дегендерінен де сабақ алуға болады. Осы жобада оқып, оны аяқтап сертификат  алдым. Бизнес жоспар дайындап, арнайы  грантқа да ие болдым.  Қазір осы  көмектің  арқасында бизнесті кеңейтіп жатырмын.

Қуаныштымыз.Ең бастысы, жобаның  шарапаты тиген  екен.   

Ия, рахмет! Мен кәсіпкер  болып  тумағаныммен, уақыт өте  кәсіпкер  атандым. Бүгінде өзім әрекет етіп, адал  табыс тауып жүрмін.  Мемлекетке  кәсіпкер  ретінде тіркелдім, тұрақты  салық  төлеймін. Жастарға өз  арбасын  өзі  сүйреуге  мүмкіндік беріп,  кәсіп  бастауға  ықпал етіп жатыр.Бұл жастар жылындағы  ең  пайдасы мол жоба болды деп есептеймін. Ең  бастысы, түсінгенім,  кәсіппен  айналысамын деген  адамға  еш  кедергі  жоқ. Барлық  жолдар  ашық. Тек еңбек  етуге  дайын болса  болғаны.

Сұхбаттанысқаныңызға рахмет!   Кәсібіңіз дами  берсін!

Сұхбаттасқан: Сымбат  Еркінбек

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары